RU

Төсек қатынасынан мүлдем бас тартқан әлемге әйгілі 7 азамат

Төсек қатынасына деген көзқарасы басқалардан ерекшеленетін әлем тарихында 7 адам бар. Олар қыз-қырқынға қирғидай тиіп, оларды басқалар секілді жиі алмастырмақ түгілі төсек қатынасынан мүлдем бас тартқан

Исаак Ньютон

Ньютонның назарына тек алмалар немесе жаңа физикалық құбылыстармен ғана түсуге болатын. Ол ешқашан жыныстық қатынасқа түспей, одан мүлдем бас тартқаны туралы дерек шындыққа жанасады. Себебі, оның артында қалған ұрпағы туралы да еш ақпарат жоқ.

Ганс Кристиан Андерсен

Әлемге әйгілі ертекші балаларға ертегі айтқанымен, әйелдерге "ертегісін" айтуға асыға қоймаған. Оның ертегілерін тыңдайтын, тіптен баласы да болмаған.

Генри Мортон Стэнли

Саяхатшы әрі журналист Генри аса сұлу қызды әйелдікке алған. Бірақ ол жыныстық қатынасқа түсу - жануарларға ғана тән деп есептегендіктен, әйелі төсек қатынасын басқалардың құшағынан іздейтін болған. Оның аса салмақты әрі іскер күйеуі оны ешқашан құшып көрмеген.

Николай Васильевич Гоголь

Николай Васильевич әйелдердін өмір бойы қорқып келген. Уақыт өтсе де, ол қорқынышы кетпей, керісінше күшейе түскен. Өз хаттарында Гоголь махаббат адамды жоқ қылады, ал ер адам мүлдем жойылады деп жазған. Оның ойынша, ғашық еркек ақыл-есінен айрылып, керемет дүниелер жасау қабілетінен айрылады.

Анатолий Вассерман

Анатолий 17 жасында ешқашан жыныстық қатынасқа түспейтінін айтып, өз өзіне уәде кетіпті. Қазір ол 63 жаста. Бірақ ол уәдесін берік сақтап келді. Оның айтуынша, бқһұлай өмір сүру қиын болса да, уақытты кері қайтару мүмкін емес.

Кевин Джонас

Үш ағайынды Джонастардан құрылған Jonas Brothers-тың бір мүшесі Кевин Джонас та төсек қатынасына үйленгенге дейін түспейміз деп келіскен.  Бастапқыда ол ғана емес, үш ағайынды түгел осындай шешімге келген. Бірақ Джо мен Ник сөздерінде тұра алмағанымен, Кевин айтқан сөзінде тұрды. Ол 22 жасында өзінің жүріп жүрген сүйіктісіне үйленіп, сонда ғана жыныстық қатынастың не екенін алғаш рет білген.

Гэри Коулман

Гэри Коулман әйгілі голливуд актерлерінің бірі. Гарридің бақытты отбасы бар. Дегенмен, ол әйелімен бірде-бір рет төсектес болмағанын мойындаған.

Тағы оқыңыздар:

Алматыда ішімдікке тойып алған қария 5 жастағы қыз баланы бірнеше минут аймалаған

Ақтөбеде алты баланың анасы халық салып берген үйді көріп жылап жіберді (фото)

Қазақстан гүлденген елдер тізімінде 80 мемлекеттің қатарына да кіре алмады

Ақтөбелік террористерді құзырлы орган қызметкерлерін өлтіруге шақырған

Арқан тартыс ойынында бар күшін салған бала желі қолданушыларын жылатты (видео)

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1306217-tosek-qatynasynan-muldem-bas-tartqan.html