RU

Алматыда ішімдікке тойып алған қария 5 жастағы қыз баланы бірнеше минут аймалаған

Данара Балғымбаева есімді Facebook қолданушысы жеке парақшасында құрбысының 5 жастағы қызын ішімдікке тойып алған көрші қария үш жарым минуттай аймалап, оған тиіскісі келгені туралы айтып берді, деп хабарлайды NUR.KZ.

Данара бұл жағдайдың 16 шілдеде орын алғанын жазды. Оның құрбысы бес жастағы қызын аулаға ойнап келуге жібереді.  Ал аулада немерелерімен серуенге шыққан көрші әжей «қызға арасында көз қырын салып қоюға» келіседі.

Дәл сол аулада үнемі бөтелкеге ақша сұрайтын қарт кісі жүреді. «Ол өз бетімен жүретін кісі еді» деп сипаттайды оны Данара.

"Балалар ойнайтын алаңқайда портвейн ішіп отырды ол кісі", - деп әңгімесін жалғады Данара.

Ал көрші әжей немерелерімен үйіне кіріп кеткенде, әлгі шал кішкентай қызды өзіне шақырды. Ал құрбымның қызы ол кісіні танитын. Сондықтан оған жақындап келді. Содан соң, Данараның айтуынша, ол қызды өзіне жақын тартып, бетінен сүйіп аймалай бастаған.

"Біз оған не туралы айтқанын білмейміз, бірақ оны тізесіне отырғызып алып, бетін сасық тілімен аймалаған. Содан соң, ол екі бұтының ортасынан жыныс мүшесін алып шығып, қыздың қолын соған қарай жақындата түсті. Осы сәтте кішкене қыз көргенінің бәрін анасына айтам деп айғай салып, қашып кетті», - деп жазады Данара.

Әйелдің айтуынша, мұның бәрі бақылау камерасына жазылып қалған. Жазбаның ұзақтығы үш жарым минут.

"Сол күні менің құрбым Алматы қаласы ішкі істер департаментіне қарасты Бостандық аудандық ішкі істер бөліміне арыз түсірді. Сол күні 1938 жылы туған Кузин Б.Я. ұсталып, өз кінәсін мойнына алды», - дейді ол жазбасында.

Алайда, Данараның сөзіне сенсек, үш айдан бері тиісті орган ешқандай әрекет жасамаған, ал ер адам болған нәрсенің бәрін жоққа шығарып отыр.

"Менің құрбыма полиция бөлімшесіндегілер мұндай істі дәлелдеу қиын деген жауап айтқан. Жазасыз қалдыру үшін бұл сылтау ма?!", - деп күйінеді ол.

"Жүйкесі жұқарған кішкентай қызда энурез басталып кетті. Құрбым мамандардың көмегіне жүгінуде. Ал көрші шал болса аулада еркін қыдырып жүр», - дейді Данара.

Тағы оқыңыздар:

Қазақша мақтан: Жігіттер кредитке той жасап, ата-анасының үйін кепілге қоя бастады (фото)

Байқоңырдың қауіпсіздігін енді Ресей гвардиясы қамтамасыз етеді

Сауат Мыңбаевтың бір басында 30 орынбасары бар болып шықты

Экосексуалдар әлемді құтқару үшін ағаштармен жыныстық қатынасқа түсуде

Үш аяғы, екі жүрегі, екі жыныс мүшесі бар адамдар туралы не білеміз?

Шымкенттіктер тез пісірілетін қытайлық "Доширак" кеспесін шығара бастады (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1306244-almatyda-ishimdikke-toyyp-alghan-qariya-5.html