RU

Бибігүл Жексенбай Тоқаевтың кеңесшісі болып тағайындалды

Бибігүл Жексенбай Қасым-Жомарт Тоқаевтың кеңесшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды парламенті сенатының баспасөз қызметіне сілтеме жасап Baq.kz.

«Бибігүл Нұрғалиқызы Жексенбай парламент сенаты төрағасының бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл мәселелері жөніндегі кеңесшісі болып тағайындалды», - делінген хабарламада.

Бибігүл Жексенбай қызметтік жолын 1992 жылы «Спорт» республикалық басылымында тілші болып бастаған. Кейінірек республикалық қоғамдық-саяси «Жас Алаш» газетінде жұмыс істеді. «Атамұра» басылымының тілшісі болып қызмет атқарды. Редактор, продюсер қызметтерін атқарды, кейіннен «Хабар» агенттігінің директоры болып тағайындалды.

Сондай-ақ, Бибігүл Жексенбай «Қазақстан» телерадио корпорациясында да жұмыс істеді.2008 жылдың қыркүйегінен бастап Бибігүл Жексенбай «Эра» ТВ бас директорының орынбасары – бас редакторы қызметін атқарды. 2010 жылдың мамырынан «Жетінші арна» бас директоры болды, 2011 жылдың қаңтарынан – «Жетінші арна» ТВ директорлар кеңесінің төрайымы.

Айта кетсек, Б.Жексенбай бас редакторлар клубының президенті.

Тағы оқыңыздар:

Алматыда ішімдікке тойып алған қария 5 жастағы қыз баланы бірнеше минут аймалаған

Ақтөбеде алты баланың анасы халық салып берген үйді көріп жылап жіберді (фото)

Қазақстан гүлденген елдер тізімінде 80 мемлекеттің қатарына да кіре алмады

Ақтөбелік террористерді құзырлы орган қызметкерлерін өлтіруге шақырған

Арқан тартыс ойынында бар күшін салған бала желі қолданушыларын жылатты (видео)

Түркиядағы теракт: Жойқын жарылыстан 8 адам қаза болды (видео)

Тәжікстанда "ұлт көсеміне" тіл тигізгендер бес жыл түрмеге қамалатын болды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1306434-bibigul-zheksenbay-toqaevtynh-kenhesshi.html