RU

Допингпен ұсталған қазақ спортшысы директордың орынбасары атанды

Ауыр атлетикадан 2014 жылғы әлем чемпионы, танымал спортшы Жасұлан Қыдырбаев Алматыдағы спорт мектептерінің біріне басшылық қызметке келген.

Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы айтты, деп хабарлайды Baq.kz.

«Жасұлан – өте мықты спортшы. Еліміздің беделді азаматтарының бірі. Сондықтан оны Алматыдағы Кәркен Ахметов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат колледжі директорының орынбасары қызметіне тағайындадық», – дейді министр.

Бұл колледж ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетіне қарайды.

Комитет төрағасы Елсияр Қанағатов Жасұланның өте білімді азамат екенін, өзі де осы мектепте оқығанын тілге тиек етті.

Айта кетейік, Халықаралық ауыр атлетика федерациясы (IWF) Жасұлан Қыдырбаев, Алмас Өтешев пен Ермек Өміртайды допингке байланысты спорттан шеттеткен болатын. Жасұланға 8 жылға дейін спорттық жарыстарға қатысуға тыйым салған.

Тағы оқыңыздар:

Алматыда ішімдікке тойып алған қария 5 жастағы қыз баланы бірнеше минут аймалаған

Ақтөбеде алты баланың анасы халық салып берген үйді көріп жылап жіберді (фото)

Қазақстан гүлденген елдер тізімінде 80 мемлекеттің қатарына да кіре алмады

Ақтөбелік террористерді құзырлы орган қызметкерлерін өлтіруге шақырған

Арқан тартыс ойынында бар күшін салған бала желі қолданушыларын жылатты (видео)

Түркиядағы теракт: Жойқын жарылыстан 8 адам қаза болды (видео)

Тәжікстанда "ұлт көсеміне" тіл тигізгендер бес жыл түрмеге қамалатын болды

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1306440-dopingpen-ustalghan-qazaq-sportshysy-d.html