RU

Астана тұрғыны Facebook-тегі жазбасы үшін 200 мың теңге төлейтін болды

Астаналық келіншек Facebook әлеуметтік желісінде елорда тұрғынының бірнеше рет суретін жариялап, 5-6 жастағы баласын ұрып-соғатынын жазған. Алайда оның айтқандары сотта дәлелденген жоқ, деп хабарлайды Baq.kz.

Астана қаласы Алматы аудандық соты баспасөз қызметінің мәліметінше, ол сондай-ақ полиция органдарына елорда тұрғынының үстінен арыз түсірген. Сотқа дейінгі тергеу барысында сот-медициналық сараптама жасалып, ол теріс нәтиже көрсетіпті. Қылмыстық іс елорда тұрғынының кінәсі дәлелденбеуіне байланысты тоқтатылды.

Жалған мәліметті жариялау салдарынан ер азаматтың ар-намысы аяққа тапталып, іскерлік беделіне нұқсан келді. Астананың Алматы аудандық соты келіншекті өз атынан Facebook әлеуметтік желісінде бұған дейін жазғандарын жоққа шығаруды міндеттеді.

Сот сондай-ақ ер адамға 200 мың теңге көлемінде моральдық шығын өтеуге қаулы етті.

Тағы оқыңыздар:

Бибігүл Жексенбай Тоқаевтың кеңесшісі болып тағайындалды

Синоптиктер қазақстандықтарды демалыс күндері қандай ауа райы күтіп тұрғанын болжады

Арыстанбек Мұхамедиұлы Қанат Исламға шапан жауып, басына бөрік кигізді (фото)

Допингпен ұсталған қазақ спортшысы директордың орынбасары атанды

Шымкентте жағдайы төмен тұрғындар тегін күрішке таласып, жаға жыртысты (видео)

Тәжікстанда "ұлт көсеміне" тіл тигізгендер бес жыл түрмеге қамалатын болды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1306611-astana-turghyny-facebook-tegi-zhazbasy-ushin-200-2.html