RU

Павлодар облысында із-түзсіз жоғалып кеткен жас жігіт өлі күйінде табылды

Павлодар облысында 24 жастағы Мақсұт Әділбаевтің денесін Екібастұз ауданынан тапқан полицейлер, оның өліміне күдікті 2 адамды тұтқындады деп хабарлайды КТК арнасы.

Тергеу мәліметінше, күдіктілердің бірі марқұмның әріптесі екен. Ол еріктілер тобымен бірге өз құрбанының денесін іздесіп, жұрт назарын басқа бағытқа бұруға тырысып келген.

Ақырында иісшіл иттер қан іздері бар қаскөйдің көлігін тапқан соң барып, күдікті сыбайласымен бірге ұсталды. Ал марқұмның туыстарының айтуынша, былтыр күзде Мақсұт Әділбаевқа әріптесі банктен 850 мың теңге несие алғызған.

Соны төлегісі келмегендіктен өлтірген болуы мүмкін деп болжайды. Естеріңізге салсақ, қазанның 25-і күні үйінен кеткен Мақсұт Әділбаев сол күйі оралмай, туыстарының шағымы бойынша полиция іздеу шараларын жүргізген болатын.

Тағы оқыңыздар:

Бибігүл Жексенбай Тоқаевтың кеңесшісі болып тағайындалды

ЭКСПО кезінде Қанат Ислам тағы бір жекпе-жек өткізуі мүмкін

Астана тұрғыны Facebook-тегі жазбасы үшін 200 мың теңге төлейтін болды

24 сағат бойы тоқтамай рэп айтқан жігіт бірден Гиннестің рекордтар кітабына енді (видео)

ШҚО-да полицей әйел күйеуінің көңілдесіне күш көрсетіп, қамап тастаған

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1306705-pavlodar-oblysynda-iz-tuzsiz-zhoghalyp.html