RU

Ұзынағаштағы 3 ағайындының өліміне қатысты тың ақпарат пайда болды

Ұзынағаштағы ағайынды 3 азаматтың өліміне қатысы бар болуы мүмкін дегендердің қатары күн өткен сайын көбейіп келеді деп хабарлайды 31 арна.

Жақында ғана қылмысқа қатысы бар деп үшінші күдікті ұсталса, бүгін марқұмның жақындары қылмыс жасалған қару иесінің атын атады.

Жәбірленуші тараптың айтуынша, қылмыс жасалған қарудың иесі - Қаскелең тұрғыны Жанай Сүлейменов есімді азамат екен.

Ол 3 азаматты өлтірді деген күдікпен ұсталған Талғат Сүлейменовтың туысқан ағасы болып шықты. Жәбірленушілердің сөзінше, ол бұған дейін полицияда қызмет істепті.

"Бұрын Талғат айтқан мен қаруды 100 мың теңгеге көпірдің астынан Валерий деген орыстан сатып алдым деген. Бірақ ол ағама зияны тимесін деп айттым дейді. Негізі қару Жанай Сүлейменовтікі болып шықты", - дейді жәбірленуші Еркін Бейсеке.

Ел естімеген тағы бір айғақ -мал жайлы. Жоғалған 41 бас ірі қараның 36-сы иелеріне қайтарылып, қалған 5-уін күдіктілер сатып жібердік деген. Ескеретін жайт, мал сатыларда толық құжатымен сатылады.

Бірақ, күдіктілер тергеушілерге сатып жібердік деген 5 малдың да, яғни барлығы 41 бас ірі қараның құжатын берген. Сонда қазір жоғалған 5 мал сатылмаған, оларды күдіктілер, не болмаса, олардың сыбайластары тығып отыр дейді марқұмның туыстары.

"Малды сайдың ішіне апарғанда зорлап апаруы мүмкін. Бұл бір. Одан кейін біздің адамдар малды бірден айдатып, бірден сатып, қалғанын айдатып, жартысын сатпайды. 3-ке бөліп түсірмейді бұлар. Сол үйден ақшасын алып қайтатын", - дейді жәбірленуші Тұрсын Әмірбай.

Осындай мәселелер ескерілгенде, талай шикіліктің шеті шығып, қылмыстың басында тұрған адамдардың аттары да шығар еді дейді марқұмның жақындары. Қазір қамауға алынған Мұрат Оңалбаев, Талғат Сүлейменов және қылмысты көре тұра полицияға хабарламады деген Бақыт Байқасымов есімді азамат.

Ұзынағашта ағайынды Мұқият, Қадылбек және Жарқын деген жігіттерді өлтірді дегендерге қатысты сот отырысы қашан болатыны қарашаның 15-не қарай белгілі болмақ.

Тағы оқыңыздар:

Бибігүл Жексенбай Тоқаевтың кеңесшісі болып тағайындалды

ЭКСПО кезінде Қанат Ислам тағы бір жекпе-жек өткізуі мүмкін

Астана тұрғыны Facebook-тегі жазбасы үшін 200 мың теңге төлейтін болды

24 сағат бойы тоқтамай рэп айтқан жігіт бірден Гиннестің рекордтар кітабына енді (видео)

ШҚО-да полицей әйел күйеуінің көңілдесіне күш көрсетіп, қамап тастаған

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1306716-uzynaghashtaghy-3-aghayyndynynh-olimine-qa.html