RU

Ресейлік профессор Ақтауда зорланған алты жасар қыздың жағдайы туралы айтып берді

Ресейлік профессор Ақтауда зорланған қыздың жағдайы туралы жағымсыз деректерді хабарлады деп жазады Sputnik-Қазақстан.

Мастер-класс өткізу үшін Астанаға келген ресейлік профессор Сергей Царенко Ақтауда зорланған қыздың жағдайы туралы айтып, бүгінгі таңда заманауи медицинада мұндай жағдайлардың қайтарымсыз екенін атап өтті.

Ақтауда зорланған қызды емдеуге Германиядан келген профессор көмектеседі, Ана мен бала ұлттық орталығының "University Medical Center" корпоративті қорының филиалына профессор алғаш рет келіп отырған жоқ.

Биыл ол қазақстандық әріптестеріне халықаралық технологияларды енгізу бойынша ғылыми-тәжірибелік көмек көрсетпек. Сапар аясында профессордың қатысуымен орталық жүйке жүйесіне ауыр зақым тиген балалар, оның ішінде ақтаулық алты жасар қыз үшін консультациялар өткізу жоспарланып отыр.

"Мен ауыр пациенттерді және ол қызды да қарадым. Бой жетіп кеткен қыздардың әкесі ретінде бұл оқиға мені қапаландырмай қоймайды. Дегенмен, дәрігер ретінде айтар болсам, менің жеке пікірімше жағдай жақсармайды. Барлық күш салынды. Іс жүзінде, мен қазақстандық дәрігерлерге сырттай кеңес беріп отырдым. Мәскеулік және шетелдік дәрігерлер бұл сәбидің жағдайына ерекше ден қойды. Бірақ оны құтқаруға жұмсалған барлық күштер қажетті нәтиже бермеді. Жалпы, баланың оңалуына мүмкіндік жоқ деуге болады", — деді Царенко журналистермен жүргізілген сұхбатта.

Оның атап өтуінше, бүгінгі таңда Қазақстанда Ресейде секілді мидің өлімі адамның өліміне теңестірілетін заң жоқ.

"Әрдайым ми өлімі адам өліміне теңестіріледі. Заманауи медицинада ол кішіқайтымды деп аталады… Қазір оның қанша уақыт жансақтау бөлімінде болатынын болжау мүмкін емес. Бүлдіршін қаза тапты деуге болады", — деді маман.

Тағы оқыңыздар:

Бибігүл Жексенбай Тоқаевтың кеңесшісі болып тағайындалды

ЭКСПО кезінде Қанат Ислам тағы бір жекпе-жек өткізуі мүмкін

Астана тұрғыны Facebook-тегі жазбасы үшін 200 мың теңге төлейтін болды

24 сағат бойы тоқтамай рэп айтқан жігіт бірден Гиннестің рекордтар кітабына енді (видео)

ШҚО-да полицей әйел күйеуінің көңілдесіне күш көрсетіп, қамап тастаған

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1306720-reseylik-professor-aqtauda-zorlangha.html