RU

Маңғыстауда оқушыларды жаппай естен тандырған халал иіссу қаншалықты қауіпті?

Маңғыстау облысында оқушыларды есінен тандырды деген халал иіссуға қатысты сараптама қорытындысы жарияланды. Мамандар бұл әтірдің адам өміріне еш қаупі жоқ екенін анықтаған деп хабарлайды КТК арнасы.

Қазан айында Шетпе ауылындағы орта мектептің 6 бірдей оқушысы сабақ үстінде нашарлап, ауруханаға түскен еді. Олардың барлығы сыныпқа оқушы қыздың бірі әкелген мұсылман иіссуын ұстағандарын айтқан.

Иісі сыныпқа жайылып кеткенде өздерін жайсыз сезініп, бастары айналыпты. Мұны сабақ өткізген мұғалімі де растап, мектеп директоры да қостаған. Дегенмен әтірдің құрамында адам денсаулығына зиян келетін қоспалардың жоқ екенін сараптама анықтап берді.

"Мұсылмандық иіссу облыстық зертханалық орталығыныда тексерілді. Тексеру нәтижесінде оның құрамында токсикалық улы заттар анықталған жоқ. Сонымен қатар Астана қалалық ұлттық сараптама орталығында да тексерілді. Нәтижесі теріс болып шықты", - дейді Маңғыстау облыстық тұтынушылар хұқығын қорғау депатраментінің маманы Әлия Жұмажанова.

Тағы оқыңыздар:

Бибігүл Жексенбай Тоқаевтың кеңесшісі болып тағайындалды

ЭКСПО кезінде Қанат Ислам тағы бір жекпе-жек өткізуі мүмкін

Астана тұрғыны Facebook-тегі жазбасы үшін 200 мың теңге төлейтін болды

24 сағат бойы тоқтамай рэп айтқан жігіт бірден Гиннестің рекордтар кітабына енді (видео)

ШҚО-да полицей әйел күйеуінің көңілдесіне күш көрсетіп, қамап тастаған

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1306735-manhghystauda-oqushylardy-zhappay-esten.html