RU

Ресейдегі ең сұлу қазақ аруы кім? (фото)

3 қараша күні Ресейдің Омбы қаласында "Ару қыз - 2016" байқауы өтіп, 10 қатысушы Ресейдегі ең сұлу қазақ аруы атану үшін бағын сынады. Байқау жеңімпазы - 20 жастағы кәсіби әнші Алтын Хусаинова. Бұл туралы informing.ru сайтына сілтеме жасап NUR.KZ порталы хабарлайды.

Арулардың көркі ғана емес, білімі мен дарыны да сынға түсті.

Екінші вице-ару атағын Әлия Смағұлова, бірінші вице-ару атағын Айнұр Дүйсекенова иеленді деп жазады wday.ru.

Байқау төрт бөлімнен құралды. Бірінші бөлімде әр қатысушы өзін таныстырса, екінші бөлімде Омск қаласы туралы мәлімет беруі тиіс болды.

Кейін аруларды ұлттық көйлекпен дефиле және интеллектуалды сұрақтарға жауап беру сынағы күтіп тұрды.

Соңғы сынақ - өнерлі екеніңді дәлелдеу. Арулар бұл сыннан сүрінбей өтті.

Тағы оқыңыздар:

Маңғыстауда оқушыларды жаппай естен тандырған халал иіссу қаншалықты қауіпті?

Бибігүл Жексенбай Тоқаевтың кеңесшісі болып тағайындалды

ЭКСПО кезінде Қанат Ислам тағы бір жекпе-жек өткізуі мүмкін

Астана тұрғыны Facebook-тегі жазбасы үшін 200 мың теңге төлейтін болды

24 сағат бойы тоқтамай рэп айтқан жігіт бірден Гиннестің рекордтар кітабына енді (видео)

ШҚО-да полицей әйел күйеуінің көңілдесіне күш көрсетіп, қамап тастаған

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1306869-reseydegi-enh-sulu-qazaq-aruy-kim-foto.html