RU

Ессіз ғашық ер адам сүйіктісіне метеориттен неке жүзігін жасап шықты

Нью-Йорк тұрғыны ғашығына ұсыныс жасаудың ерекше тәсілін ойлап тапты. Ер адам әдеттегі жүзіктердің орнына сүйіктісіне метеориттен жасаған жүзікті ұсынған. Бұл туралы NUR.KZ порталы imgur.com сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Жерге құлаған метеориттің кішігірім сынығын сатып алған жігіт одан жүзік жасау үшін бірталай күш жұмсаған.

Алты жыл бойы кездесіп жүрген сүйіктісіне азамат ерекше сыйлық жасауды ойлапты.

"Мен зергерлік дүкенінен өзгелер секілді екі мың долларлық жүзік ала салғым келмеді. Мен жүзікті өзім жасағым келді", - дейді жігіт.

Тұрғын 120-грамдық метеорит сынығын 140 долларға eBay интернет-аукционынан сатып алған. Оның қолдан жасаған жүзігі мінсіз болып шықпаса да ғашығы сыйлыққа қуанып, ұсынысты қабыл алды. Бойжеткен жүзікті ешқашан қолынан шешпеуге уәде берген.

Тағы оқыңыздар:

Маңғыстауда оқушыларды жаппай естен тандырған халал иіссу қаншалықты қауіпті?

Бибігүл Жексенбай Тоқаевтың кеңесшісі болып тағайындалды

ЭКСПО кезінде Қанат Ислам тағы бір жекпе-жек өткізуі мүмкін

Астана тұрғыны Facebook-тегі жазбасы үшін 200 мың теңге төлейтін болды

24 сағат бойы тоқтамай рэп айтқан жігіт бірден Гиннестің рекордтар кітабына енді (видео)

ШҚО-да полицей әйел күйеуінің көңілдесіне күш көрсетіп, қамап тастаған

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1306874-essiz-ghashyq-er-adam-suyiktisine-met.html