RU

Балқаш нанының даңқы шартарапқа тарады

Жақында Алматы қаласында ХХI Орталық Азиялық халықаралық WorldFood Kazakhstan - 2016 көрмесі аясында «2016 жылдың ең үздік нан және кондитерлік өнімдері» байқауы өтті.

Оған Республикамыздың барлық облыстарынан және Ресейдің Орынбор,Челябинск қалаларынан өнімін өндерушілер қатысып, нан өнімдерінің 94 түрі сарапқа салынды.

Байқауға қатысқан өнімдер арасынан «Балқаш-нан» зауыты өндірген «Фьорд» наны осы байқаудың «Жыл таңдауы » деген ең жоғарғы марапатқа ие болды. Арнайы "артипан фьюрт"" қоспасы мен күнбағыс дәнінен жасалған «Фьорд» наны адам денсаулығына әсіресе диабет ауруымен ауыратындарға өте пайдалы.

Байқауда сонымен қатар зауыт итальян наны «Чиабатта» және ірімшік қосылған «Ватрушка» тоқашы бойынша екі ІІІ орнын лауреаты атанып, "Өнімнің ең жоғарғы сапасы үшін" медалімен марапатталды.

Осылайша "Балқаш Нан" зауытының даңқы шартарапқа жайылып, мерейі үстем болды. Бұл жетістіктен соң «Балқаш Нан» өнімдеріне деген сұраныс бұрынғыдан да арта түспек.

Жалпы аталмыш байқаудың мақсаты—нан-тоқаш және кондитерлік тағамдар шығаратын кәсіпорындардың өндірістік қуатын арттыру, өндірілетін өнімдердің сапасын жақсарту, әрі өз ара тәжрибе алмасу болса керек. Осы тұрғыдан алғанда «Балқаш -Нан» зауыты жыл озған сайын қуаты артып, өнім сапасын үздіксіз жақсартып отырған бірегей кәсіпорын.

Бүгінгі күні мұнда нан және нан-тоқаш, кондитерлік өнімдерінің 85-тен астам түрін өндіреді. Жоғарыдағы жетістіктер мұндағы өндірілетін өнім сапасына деген тұтынушылар сенімін орнықтырып, бәсекеде бәсі кетпейтін сапалы өнімді жарнамалай түспек. Нарық талабы солай.

Ал кәсіпорын еңбеккерлері болса шеберліктерін үздіксіз жетілдіріп, биік көрсеткіштерге қол жеткізіп, "Балқаш Нан"; зауытының даңқын еселеп арттыруда.

PR құқында әзірленген материал

Тағы оқыңыздар:

Ресейдегі ең сұлу қазақ аруы кім? (фото)

Жамбыл облысында дүлей дауылға байланысты төтенше жағдай жарияланды (фото)

Қазақстан «Гүлденген елдер» тізімінде Қырғызстаннан қалып қойды (фото)

Алматы зообағы қымбат керікті құны арзан құстарға алмастырмақшы болды

Ессіз ғашық ер адам сүйіктісіне метеориттен неке жүзігін жасап шықты

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1306952-balqash-nanynynh-danhqy-shartarapqa-tara.html