RU

Махаббат бойға қарамайды: Ергежейлі жігіт пен бойжеткеннің тойы дүркіреп өтті

109 сантиметрлік Джеймс есімді азамат сұңғақ бойлы қызбен некесін қиіп, дүркіретіп тойын өткізді. Бұл туралы NUR.KZ порталы deadbees.net сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл жайт махаббаттың жасқа ғана емес, бойға да қарамайтынының дәлелі болғандай. Ергежейлі жігіт қалыңдығын сүйе алу үшін тойға орындығын сүйрей келді.

28 жастағы Джеймс 22 жастағы сүйіктісі Хлоя Робертске үш жыл кездесіп жүргенінен кейін ұсыныс жасаған.

Ұлыбританияның Солтүстік Уэльсінде өткен тойға қалыңдықтың туыстары бастапқыда қарсы болғанымен, кейін өз баталарын берді.

"Тіпті бойда екі еселік айырмашылық болса да, махаббат болса, ол мәнін жоғалтады. Мен баламыздың да ергежейлі болып тууы мүмкін екенін ойлағым келмейді. Балаларымыздың болғанын қалаймын", - дейд Хлоя.

Тағы оқыңыздар:

Ресейдегі ең сұлу қазақ аруы кім? (фото)

Жамбыл облысында дүлей дауылға байланысты төтенше жағдай жарияланды (фото)

Қазақстан «Гүлденген елдер» тізімінде Қырғызстаннан қалып қойды (фото)

Алматы зообағы қымбат керікті құны арзан құстарға алмастырмақшы болды

Ессіз ғашық ер адам сүйіктісіне метеориттен неке жүзігін жасап шықты

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1306960-makhabbat-boygha-qaramaydy-ergezheyli.html