RU

Қанат Ислам үздік боксшылардың ондығына кірді

Қанат Ислам WBA боксшыларының үздік ондығына енді деп хабарлайды sports.kz сайтына сілтеме жасап "Егемен Қазақстан".

«Қазақ» деген лақап есіммен танылған спортшы 29 қазан күні Алматыда өткен бокс кешінде ганалық Патрик Аллотейді жеңген болатын. Бұл жеңістен кейін ол бірінші жартылай орта салмақта WBA Fedelatin және WBO Intercontinental тұжырымы бойынша халықаралық чемпион атағын алды.

Енді қазақстандық спортшы WBA нұсқасы бойынша 69 келі салмақтағы боксшылар арасында үздік ондыққа еніп отыр. Тізімдегі жағдай Қанат Исламға әлемдегі ең мықты спортшылармен жұдырықтасуға мүмкіндік береді.

«Қазір түрлі бокс ұйымдарының дәрежелері үшін жекпе-жек өткізуге мүмкіндігім бар, мейлі ол WBO, WBA немесе WBC болсын. Америкадағы промоутерлерім кезекті кездесуім бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр. Бір-екі апта ішінде нәтижесін айтулары тиіс. Жыл соңына дейін тағы бір кездесу өткізуге дайынмын», – деді Қанат Ислам.

Тағы оқыңыздар:

Ресейдегі ең сұлу қазақ аруы кім? (фото)

Жамбыл облысында дүлей дауылға байланысты төтенше жағдай жарияланды (фото)

Қазақстан «Гүлденген елдер» тізімінде Қырғызстаннан қалып қойды (фото)

Алматы зообағы қымбат керікті құны арзан құстарға алмастырмақшы болды

Ессіз ғашық ер адам сүйіктісіне метеориттен неке жүзігін жасап шықты

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1307127-qanat-islam-uzdik-boksshylardynh-ondygh.html