RU

Алматы соты: Күлекбаев оңаша камераға қамалады (видео)

Алматының қылмыстық істер бойынша ауданарылқ сот төрағасы Мәртбек Кәкімжанов он адамды атып өлтірген Руслан Күлекбаевқа қатысты сот үкіміне пікір білдірді деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Сот өкілінің пікір білдірген видеоролигі Алматы қалалық сотының баспасөз хатшысы Дияс Махамбетовтің Facebook парақшасында жарияланған.

«Күлекбаев он адамды мүдірместен өлтіріп, тағы алтауын жаралаған. Ол өз әрекетіне өкініп отырған жоқ. Бұл жайт Алматы қаласында алғаш рет орын алып отыр және еліміздің халқын есеңгіретті... Полицейлерді өлтірген кезде, ол құрбандарымен, тіпті таныс болмаған... Заң мұндай әрекеттерді терроризм актісі ретінде қарастырады», - дейді Кәкімжанов.

"Күлекбаев мораторий алынбайынша, қатаң оқшаулау шартымен оңаша камераға қамалады", - дейді Кәкімжанов.

Еске салсақ 2 қараша күні Руслан Күлекбаев өлім жазасына кесілген болатын.

Тағы оқыңыздар:

Ресейдегі ең сұлу қазақ аруы кім? (фото)

Жамбыл облысында дүлей дауылға байланысты төтенше жағдай жарияланды (фото)

Қазақстан «Гүлденген елдер» тізімінде Қырғызстаннан қалып қойды (фото)

Алматы зообағы қымбат керікті құны арзан құстарға алмастырмақшы болды

Ессіз ғашық ер адам сүйіктісіне метеориттен неке жүзігін жасап шықты

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1307173-almaty-soty-kulekbaev-onhasha-kameragha.html