RU
Аңсаған Мұстафа: Еркектер мені жек көреді

Аңсаған Мұстафа: Еркектер мені жек көреді

Рассказать Вконтакте

Танымал суретші Аңсаған Мұстафа ikerim.kz сайтына сұхбат бері, қоғамдағы түйткілді мәселелер туралы сөз қозғады деп хабарлайды NUR.KZ.

Оның айтуынша, әйел адам баланы өзінің жағдайына қарап туу керек. Себебі, еркек тасап кетуге ниеттенетін болса, онда ол ешнәрсеге қарамайды.

"Еркектердің ішінде қызды әйел қылып алған соң «Енді менікі. Не істесем де өзім білем!» — дегенді миларына құйып алатындар бар. Солардан қорлық көріп жүрген, оқу оқып үлгермеген қыздарымыз жетерлік. Мен қыздарға: «Күйеуге тигенің жақсы, бірақ әке-шешең сені оқытты-тоқытты. Үлкен адам болсын деп үміттенді. Күйеуің ұрып жатса шыдап жүре бермей полиция шақыр! Олар келіп оны түрмеге әкетеді, сол жерде басқалары оның сазайын тарттырады»-деп айтып жүремін", - дейді ол.

Оның айтуынша, еркектер Аңсаған Мұстафаның сөздерін ащы шындықты айтатыны үшін жақтырмайды, тіпті жек көреді екен."

"Және қыздарға тағы бір айтарым, баланы тек өздерің үшін туасыңдар! Бір баланы бір әйел асырай алады, оған келісемін. Ал екіншісін аяғыңа нық тұрғанда ту, үшіншісін оның да адам болатынына сенімің жеткенде жоспарла. Еркек тастап кетемін десе, бала санына қарамайды! Көп баламен далада қалып, өздеріне қол жұмсағандар баршылық қой, олардың балалары жетім болып қалып жатыр. Міне, соларға обал ғой, - деген ол қазіргі қоғамдағы ең өзекті мәселелердің біріне бей-жай қарамағанды жөн санайды.

Сұхбаттың толық нұсқасын ikerim.kz сайтынан оқи аласыздар.

Тағы оқыңыздар:

Ресейдегі ең сұлу қазақ аруы кім? (фото)

Жамбыл облысында дүлей дауылға байланысты төтенше жағдай жарияланды (фото)

Қазақстан «Гүлденген елдер» тізімінде Қырғызстаннан қалып қойды (фото)

Алматы зообағы қымбат керікті құны арзан құстарға алмастырмақшы болды

Ессіз ғашық ер адам сүйіктісіне метеориттен неке жүзігін жасап шықты

Сіздің реакцияңыз
55
8
4
5
0
100
8
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel