Выйти
RU

Мұсылман отбасы өшпенділікті өшіретін жолды ойлап тапты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Американың Рентон қаласында мұсылман ерлі-зайыпты исламға деген өшпенділікті өшірудің жолын тапты деп хабарлайды ihsan.kz басылымына сілтеме жасап NUR.KZ.

Олар ақиқат дінге деген америкалықтардың кереғар пікірін өзгертуді қонақжайлылығы мен аспаздықтары арқылы көрсетуде. Аманда Сааб және оның жолдасы Хуссейн үйлеріне ислам жайлы білуге қарсылық тантыпаған кез-келген өздері танымайтын кісілерді құдайы қонақ ретінде күтеді екен.

"Біздің мақсат тек қонақ қылу. Одан кейін өздері де дін турасында сұрақ қойып, білмегендерін сұрай бастайды. Сондай уақытты бізде ұтымды пайдаланып, қалыптасқан қате пікірлер мен түсініксіз жайттарды ашып айтуға тырысамыз", - дейді Аманда.

Жас жұбайлардың мұндай отырыстарды өткізіп жүргендеріне бірнеше ай болған. Үйлеріне келген қонақпен бірге дәм алдында алдымен мұсылманша дұға жасап, кейін ислами тақырыпта сөз қозғайды. Мұндай жылы әңгімеден кейін "қонақтар" исламға деген пікірлерін өзгертіп, мәз-мейрам болып тарқасатын көрінеді.

Тағы оқыңыздар:

Ресейдегі ең сұлу қазақ аруы кім? (фото)

Жамбыл облысында дүлей дауылға байланысты төтенше жағдай жарияланды (фото)

Қазақстан «Гүлденген елдер» тізімінде Қырғызстаннан қалып қойды (фото)

Алматы зообағы қымбат керікті құны арзан құстарға алмастырмақшы болды

Ессіз ғашық ер адам сүйіктісіне метеориттен неке жүзігін жасап шықты

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Мұсылман отбасы өшпенділікті өшіретін жолды ойлап тапты