RU
Ақтауда ересектерге арналған балабақша ашылды

Ақтауда ересектерге арналған балабақша ашылды

Рассказать Вконтакте

Ақтауда ересектерге арналған балабақша ашылды деп хабарлайды "Егемен Қазақстан" басылымына сілтеме жасап NUR.KZ.

Енді ересектер де балалық шақтарын еске алып, таңғы асын сонда ішіп, түстен кейінгі уақытта музыка сабақтарына қатыса алатын болды.

Балабақшаның негізін қалаушы Ирина Хохлованың айтуынша, бұл Қазақстанда тұңғыш рет ашылып отырған мекеме. Сонымен қатар, ол ересектерге арналған балабақшалардың АҚШ пен Ресейде де бар екенін айтты.

«Қазір біз 90-жылдары дүниеге келгендердің ата-ана болып жатқандарын көріп отырмыз. Кезінде олардың ата-анасы бар уақытын жұмысқа жұмсап, балаларын үйде жалғыз қалдырып кетулеріне тура келді. Сондықтан да қазір олар өздерінің балаларымен ойнай да алмайды. Баламен қалай сөйлесу керектігін де білмей жатады. Біздің балабақша қайта балалық шаққа оралғысы келетіндерге көмектесуге дайын. Біздің келушілер кез келген күйзелістен емделе алады деп сенеміз», — деді Ирина Хохлова.

Айта кетейік, балабақшаға келетін ересектер музыка, би үйірмелеріне қатысып, күніне екі рет тамақтанады.

Сонымен қатар, болашақта осы балабақшада егде жастағы адамдарға да топтарды ашу жоспарланып отыр екен.

«Балабақшаға келушілерге жас ерекшелігіне байланысты ешқандай шектеу жоқ: 20 жастан жоғары адамдар келе алады. Сағат 09:00-ден 17:00-ге дейін жұмыс істейтін боламыз. Ал егде жастағы адамдар біздің балабақшаға келеміз десе, оларды қабылдауға дайынбыз», — деді Ирина Хохлова.

Тағы оқыңыздар:

Тоқтар Төлешовтің тағдыры 7 қарашада шешілмек

Той жарыс: Қазақ тойында қарапайым лимузиндер сәннен шығуда

Аңсаған Мұстафа: Еркектер мені жек көреді

Мұсылман отбасы өшпенділікті өшіретін жолды ойлап тапты

Жапон халқы Елбасының сұхбатын қызу талқылап жатыр

Сіздің реакцияңыз
31
7
2
1
0
15
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel