RU

Алматыдағы "Алматы Тауэрс" кешенінің ғимараты өртке оранды (видео)

Алматыдағы "Алматы Тауэрс" кешенінің ғимаратында өрт шықты деп хабарлайды куәгерлерге сілтеме жасай отырып NUR.KZ порталы.

Бүгін сағат 18:04-де Алматы ТЖД-не Алматы қаласы, Байзақов көшесі, 280-үй мекенжайында өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Өрт сөндіру қызметі оқиға орнына келіп, ғимараттағы адамдарды қауіпсіз жерге көшіру жұмыстары жүргізілді. Қосымша ақпарат кейінгі уақытта хабарланатын болады деп мәлімдеді Алматы ТЖД ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетова.

Өрт сөндіру қызметі келіп жеткенде 5 қабатты ғимараттың шатыры өртке оранған еді. Өрт төменгі қабатта орналасқан мейрамхананы да жалмауы мүмкін деген қауіп бар. Қазіргі кезде 80 адам қауіпсіз жерге көшірілді.

Куәгерлер оқиға орнынан редакцияға видеолар жолдап жатыр.

Видео: Zakon.kz

Видео: instagram/qaznews

Тағы оқыңыздар:

Тоқтар Төлешовтің тағдыры 7 қарашада шешілмек

Той жарыс: Қазақ тойында қарапайым лимузиндер сәннен шығуда

Аңсаған Мұстафа: Еркектер мені жек көреді

Мұсылман отбасы өшпенділікті өшіретін жолды ойлап тапты

Жапон халқы Елбасының сұхбатын қызу талқылап жатыр

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1307643-almatydaghy-almaty-tauers-kesheni-ortk.html