RU

Ұлыбританияда қымбат мейрамханада тамақтанғаны үшін ақша алатын келіншек тұрады

Ұлыбританиялық Софи Хардидің жұмысына әркім қызыға әрі қызғана қарайды. Оған елдегі ең мықты мейрамханаларда тамақтанғаны үшін жалақы төлейді деп жазады NUR.KZ порталы fishki.net сайтына сілтеме жасап.

25 жастағы Харди Weight Watchers деп аталатын арықтауға арналған бағдарламаның ресми қызметкері болып орналасқан. Оның басты міндеті мейрамханаларды аралап, тағамдардан дәм тату.

Weight Watchers жүйесін қолдану арқылы Харди артық салмағы бар адамдарға диетаға отырудың ешқандай әлеуметтік қиындық туғызбайтынын дәлелдейді.

Британдықтардың 71 % «диета» ұстау адамдармен қарым-қатынасқа баруды қиындата түседі деп ойлайтыны арнайы зерттеу нәтижесінде белгілі болған. Әсіресе, 25-34 жас аралығындағы жастар қарым-қатынас пен диетаның арасындағы осы тепе-теңдікті ұстай алмайтыны анықталды.

Ал, Харди екеуін қатар алып жүру мүмкін екенін дәлелдеу үшін аптасына екі рет үйден емес көпшілік жүретін орындардан тамақтанып, мекемелердің мәзіріне баға береді. Егер мекеме сынақтан өтсе оған «WW мақұлдаған» деген таңба беріледі.

Харди көптен бері Weight Watchers бағдарламасымен жүріп-тұрады. Оның салмағы көздеген нәтижеге жетіп қалды. Ресми қызметкері ретінде ол күнде қай жерден тамақтанғаны жөнінде және өзінің салмақ тастау процесі қалай өтіп жатқаны жөнінде апталық блог жүргізеді.

«Мен салауатты өмір салтын ұстау кезінде өмір тоқтап қалмайтынын көрсеткеніме қуаныштымын», - дейді ол.

Тағы оқыңыздар:

Әлия Назарбаева көпшілікке күйеуі мен балаларын көрсетті (фото)

ОҚО-да жездесінен жүкті болған қыздың анасы: Қызымның өмірі қор болды

Қазақ қызы түрік азаматына қалай тұрмысқа шыққанын айтып берді (видео)

Омбы қаласында ең үздік қазақ аруы анықталды (фото, видео)

Назарбаев ресми сапармен Жапонияға келді

Талай қыздың арманы болған Мейрамбек Беспаев қамал алар 40 жасқа келді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1308153-ulybritaniyada-qymbat-meyramkhanada-t.html