RU

Жазира Байырбекова ел аралап жүріп 19 жыл бойы күткен баласын түсіріп алды

Танымал әнші Жазира Байырбекова осыдан екі ай бұрын көптен күткен баласын түсіріп алды деп хабарлайды NUR.KZ.

19 жыл бойы бала көтере алмай келген Жазира Байырбекова осыдан екі ай бұрын көптен күткен сәбиін түсіріп алған.

Ол бұл туралы 31-арнаның "Ұят емес" бағдарламасында айтып берді.

Жүргізуші Салтанат Қалиеваға өмірінде көрген қиындықтарын бүкпесіз айтқан Жазира бірінші ұлынан кейін бала көтере алмағанын жеткізді. Сонымен бірге, ол гастрольдерде жүріп, өзінің жүкті екенін білмей қалғанын және абайсызда түсік тастағанын да жасырмады.

Барлығы да Алланың қолында екеніне кәміл сенетін әнші бұлай болады деп еш ойламаған. Ойламаған жерден бала көтеріп, оны түсіріп алған Жазира жасанды ұрықтандыру жасатуға және бала асырап алуға қарсы екен.

"Неге екенін білмеймін, менің ішкі интуициям жібермейді", - деді ол бұған қатысты.

Естеріңізге салсақ, бұған дейін ол жары Жанболаттан таяқ жегенін де айтып беріп, қазіргі қыздардың қит етсе төркініне жүгіре жөнелетін сынға алған болатын.

Тағы оқыңыздар:

Әлия Назарбаева көпшілікке күйеуі мен балаларын көрсетті (фото)

ОҚО-да жездесінен жүкті болған қыздың анасы: Қызымның өмірі қор болды

Қазақ қызы түрік азаматына қалай тұрмысқа шыққанын айтып берді (видео)

Омбы қаласында ең үздік қазақ аруы анықталды (фото, видео)

Назарбаев ресми сапармен Жапонияға келді

Талай қыздың арманы болған Мейрамбек Беспаев қамал алар 40 жасқа келді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1308197-zhazira-bayyrbekova-el-aralap-zhurip-19-zhy.html