RU

Парамен ұсталған Сақташ Хасенов 28 миллион теңгеге жол талғамайтын көлік алған

Пара алып жатқан жерінен ұсталған Ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы Сатқаш Хасеновке қатысты жаңа деректер пайда болды.

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының баспасөз қызметіне сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.

Тергеу барысында Сақташ Хасеновтің Қазақстан аумағына ет өнімдерін кіргізуге рұқсат бергені үшін ай сайын пара алып отырғаны анықталды.

Сонымен қатар кәсіпкерлер ай сайын Қазақстанға кіргізілетін ет өнімдерінің әр келісі үшін Сақташ Хасенов пен оның сенімді өкілі Е.Решетькоға белгіленген баға бойынша қаржы төлеп келген.

Хасеновтің заңсыз қолдауымен ел аумағына 2016 жылдың наурыз-қазан айларында 7,4 мың тонна құс еті ешбір кедергісіз кіргізілген.

Осылайша, Хасенов пен Решетько 37 миллион теңге жымқырған.

Қылмыстық жолмен тапқан ақшасын Сақташ Хасенов жеке басының пайдасына жұмсаған. Қазан айында ол салоннан жол талғамайтын 2016 жылғы Toyota Land Cruiser 200 автокөлігін сатып алған.

Қазіргі таңда Сақташ Хасенов сот санкциясы бойынша қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде. Айта кету керек, 2016 жылғы Toyota Land Cruiser 200 автокөлігі 28 миллион теңге тұрады.

Хасеновтың қамауға алынғаны жөнінде 4 қарашада белгілі болған.

Тағы оқыңыздар:

Әлия Назарбаева көпшілікке күйеуі мен балаларын көрсетті (фото)

ОҚО-да жездесінен жүкті болған қыздың анасы: Қызымның өмірі қор болды

Қазақ қызы түрік азаматына қалай тұрмысқа шыққанын айтып берді (видео)

Омбы қаласында ең үздік қазақ аруы анықталды (фото, видео)

Назарбаев ресми сапармен Жапонияға келді

Талай қыздың арманы болған Мейрамбек Беспаев қамал алар 40 жасқа келді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1308271-paramen-ustalghan-saqtash-khasenov-28-mill.html