RU

Сыз жерде қайыр тілеп отырған шымкенттік қарияның аянышты тағдыры (фото)

Шымкенттегі «Акбар» аялдамасында көпшілікке қол жайып, күнін көріп жүрген қария Қарттар үйіне орналасуды армандайды деп жазады Замана басылымы.

Тапқаны ішкен-жегенінен артылмайтын қария пәтер жалдап тұратынын, жасы 64-ке келсе де, зейнетақы ала алмай жүргенін жайып салды.

«Біреу бірдеңе тастаса деген үмітпен осылай отырамыз. Сәл жиналса базарға барып жүз теңгеге бірдеңе жеп аламын. Біздің ішіп-жейтініміз – Қытайдың сорпасы мен айраны ғана. Ет жемегелі көп болды", - деген Тимур Жаңабаев күніне төрт-бес сағаттан артық қайыр тілей алмайтынын айтады.

"Күніге төрт-бес сағаттан артық отыра алмаймын. Сол уақытта 1000 теңгедей тапсам, соны қанағат етіп қайтамын. 15 мың теңгеден бес адам Попов көшесінде пәтер жалдаймыз. Сол ақшаны таппасаң күннің суығында пәтерден шығып қаласың. Өзіміз Павлодардан көшіп келгенбіз. Көп жыл бұрын әйелім дүние салды. Бір ұлым сол жақта қалды. Екіншісі Таразда тұрады. Аз-кем көмектеседі, бірақ ол жетпейді ғой. Себебі бауырым ауыратындықтан көп ақша дәріге кетеді. Өзім Чернобыль зардаптарын жоюға қатысқаным үшін үкіметтен 20 мың теңге ғана жәрдемақы аламын. Бірақ жасым 64-ке толғанымен құжаттарымның кемшілігіне байланысты зейнетақы ала алмай жүрмін", - деген қарт көмектесетін адамдар болса, өзінің «Чапаевка» елді мекеніндегі Қарттар үйіне барғысы келетінін де жасырмады.

Қарияның жылы жер мен таза төсек, тегін тамақ берілетін жерге барсам, емді де тегін аламын ба деген үміті де жоқ емес.

Көмек қолын созғысы келгендер болса, Тимур Жаңабаев өзін Қазыбек би көшесінің бойы мен мешіттердің жанынан табуға болатынын айтады.

Тағы оқыңыздар:

Әлия Назарбаева көпшілікке күйеуі мен балаларын көрсетті (фото)

Парамен ұсталған Сақташ Хасенов 28 миллион теңгеге жол талғамайтын көлік алған

Назарбаев Жапония императорымен кездесті (фото)

Головкин әйгілі Пакьяомен жұдырықтасуы мүмкін

Жапонияда "Президент Назарбаев" деп аталатын бақыт гүлі өсіп жатыр (фото)

ОҚО-да бизнесменнен таяқ жеген аудан әкімі ұялғаннан қызметінен кетпекші

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1308338-syz-zherde-otyryp-qayyr-tileytin-qariya.html