RU

Есік қаласында зорланған қыз туыстары үшін қорқып отырғанын жайып салды

Жаппай зорлау қылмысының құрбаны болған Есік қаласының тұрғыны Жібек Мусинова айыптыларға үкім шыққан соң өзі мен туыстарының өмірі үшін қорқатынын мәлімдеді деп хабарлайды Skifnews.kz порталы.

Күдіктілердің туыстары тарапынан қорқытулардың болып жатқанын ол Фэйсбуктегі парақшасында жазған.

«Барлықтарыңызға белгілі, менің ісім бойынша сот процесі жүріп жатыр. Әрбір процесте маған туыстарым мен достарым қолдау көрсетуде. Сол секілді, күдіктілерге де өз туыстары болысып жатыр. Сот отырысы басталар сәтте және біткеннен кейін олардың достары мені қорқытады: "Егер оларды қамайтын болса бүкіл Есікті сендерге қарсы көтереміз" дейді. Мен өзім үшін қорықпаймын. Өйткені, менімен болатынның бәрі болып қойды. Мен өз туыстарым үшін қорқамын. Өйткені, олардың қалай кек алғысы келетінін білмеймін. Егер бұл адамдар зорлаушыларды қолдайтын болса, демек олар да қылмыс жасауға дайын деген сөз», - деп жазды Жібек Мусинова.

Құқық қорғаушы, Жібектің соттағы өкілі Дина Таңсәрі де жағдайдың қиын екенін айтып отыр.

«Есіктің полицейлері де бұл жағдайдан хабардар секілді. Өйткені, патрульдік көлік Жібектің үйін жиі қарауылдайды. Ал, соңғы отырыста куәлік берген Айман Омарованы да тәртіп сақшылары қаладан өздері шығарып салды. Сот ғимаратының алдында да полицейлер көптеп жиналды. Бұл жағдайдың расымен де қиын екенін көрсетеді. Сондықтан, Жібектің қорқатынындай бар», - дейді Дина Таңсәрі.

Айта кетейік, жаппай қыз зорлау дерегі бойынша сот отырысы 19 қазанда басталған болатын. Іс бойынша төрт күдікті айыпталуда. Қылмыстың өзі болса 20 тамызда орын алды.

Тағы оқыңыздар:

Әлия Назарбаева көпшілікке күйеуі мен балаларын көрсетті (фото)

Парамен ұсталған Сақташ Хасенов 28 миллион теңгеге жол талғамайтын көлік алған

Назарбаев Жапония императорымен кездесті (фото)

Головкин әйгілі Пакьяомен жұдырықтасуы мүмкін

Жапонияда "Президент Назарбаев" деп аталатын бақыт гүлі өсіп жатыр (фото)

ОҚО-да бизнесменнен таяқ жеген аудан әкімі ұялғаннан қызметінен кетпекші

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1308406-esik-qalasynda-zorlanghan-qyz-tuystar.html