RU

Алдағы уақытта ОҚО тұрғындарының саны бес млн-нан асып кетуі мүмкін

Оңтүстiк халқы 2050 жылға қарай 5,2 млн адамға өсiп, жалпы ел халқының 55 пайызын құрайтын болады. Бұл туралы мәжiлiстегі үкiмет сағатында ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрi Тамара Дүйсенова айтты, деп хабарлайды Baq.kz.

«Еңбек ресурсының тапшылығы бар өңiрлерге азаматтарды ерiктi түрде көшiру жүзеге асырылып жатыр. Бiздiң институттар мен ұлттық сарапшылар қазiргi демографиялық және көшi-қон үрдiсiн ескере отырып, оңтүстiк өңiрлердiң халқы 5,2 млн адамға өседi болжап отыр. Сөйтiп, ел халқының 55 пайызын құрайтын болады», - дейдi Дүйсенова.

Бұл орайда оңтүстiк халқының орналасу тығыздығы солтүстiк өңiрлерден 4 еседен асып түспек.

«Бұл еңбек ресурстары бойынша қиындықтар тудырады. Осы үрдiс ескерiле отырып, ерiктi қоныс аудару географиясы кеңейтiлдi. Егер алғашқы жылдары халық тек бiр облыстың iшiнде экономикалық әлеуетi төмен елдi мекендерден аудандық қалаларға көшiрiлсе, 2015 жылдан бастап облысаралық қоныс аудару басталды. Қазiргi уақытта үкiмет халықты оңтүстiктен солтүстiкке көшiру үшiн квоталар белгiледi», - деп атап өттi министр.

Тағы оқыңыздар:

Әлия Назарбаева көпшілікке күйеуі мен балаларын көрсетті (фото)

Парамен ұсталған Сақташ Хасенов 28 миллион теңгеге жол талғамайтын көлік алған

Назарбаев Жапония императорымен кездесті (фото)

Головкин әйгілі Пакьяомен жұдырықтасуы мүмкін

Жапонияда "Президент Назарбаев" деп аталатын бақыт гүлі өсіп жатыр (фото)

ОҚО-да бизнесменнен таяқ жеген аудан әкімі ұялғаннан қызметінен кетпекші

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1308442-aldaghy-uaqytta-oqo-turghyndarynynh-san.html