RU

Қолынан тәспісін тастамайтын Жансейіт Түймебаев жұрт назарына ілікті (фото)

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев аймаққа қарасты қала, аудандарды қолына тәспі ұстап жүріп аралады деп хабарлайды NUR.KZ порталының өңірдегі тілшісі.

Облыс әкімі Түймебаев мырза өзіне дейінгі басшылардан ерекшелене түсті. «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы Холдингі» АҚ Басқарма төрағасы Ерболат Досаевтың облысқа жасаған сапары барысында холдингтің еншілес компаниялары қаржыландырған бірқатар нысандарды төрағамен бірге аралаған Түймебаев қолынан тәспісін тастамай жүрді.

Айта кетейік, Ерболат Досаев облысқа жасаған сапарында алдымен Шымкентте мәжіліс өткізіп, кейін аймақ басшысымен бірге «Бәйтерек» Ұлттық холдингінің қолдауымен «Асар» шағын ауданында «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарлама аясында бой көтеріп жатқан көпқабатты үйлердің құрылысымен танысты.

Бұдан өзге Досаев Шымкент қаласы мен Қазығұрт ауданындағы индустриалды аймақтарындағы өндіріс орындарын аралап, жаңа жобалармен танысты.

Облысқа арнайы келген холдингтің басқарма төрағасы өз сөзінде тұрғын үй құрылысы мен кәсіпкерлік салаларын дамытып, қолдауға дайын екенін жеткізді.

Материал ҚР Заңнамасына сәйкес қорғалған. Барлық авторлық құқықтар NUR.KZ интернет-порталына тиесілі. Материалдың кез-келген бөлігін көшіру, тарату үшін редакциямен байланысу қажет.

Тағы оқыңыздар:

Әлия Назарбаева көпшілікке күйеуі мен балаларын көрсетті (фото)

Парамен ұсталған Сақташ Хасенов 28 миллион теңгеге жол талғамайтын көлік алған

Назарбаев Жапония императорымен кездесті (фото)

Головкин әйгілі Пакьяомен жұдырықтасуы мүмкін

Жапонияда "Президент Назарбаев" деп аталатын бақыт гүлі өсіп жатыр (фото)

ОҚО-да бизнесменнен таяқ жеген аудан әкімі ұялғаннан қызметінен кетпекші

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1308517-qolynan-taspisin-tastamaytyn-zhansey.html