RU

Тоқтар Төлешовтің ұлы әкесімен бірге сотталып жатыр

Арнайы мамандандырылған ауданаралық әскери сот Тоқтар Төлешовтің ісі бойынша сотталушылар тізімін жария етті. Тізімге сәйкес, сотталушылар арасында Тоқтар Төлешовтің ұлы Төлешов Төлеген Тоқтарұлы бар деп хабарлайды NUR.KZ.

Тоқтар Төлешовтің соты жабық режимде өтуде. Іс бойынша 25 сотталушы жауапқа тартылып жатыр.

Еске салсақ, Тоқтар Төлешовке мемлекеттік билікті күшпен тартып алмақ болған деп айып тағылып, қаңтардың аяғында қамауға алынған болатын. Оған Қылмыстық кодекстің бұдан басқа да 15 бабы бойынша айыптар тағыл­ған.

Арнайы операция барысында Төлешовтен бірнеше қап қару-жарақ тәркіленді.

Кейін Тоқтар Төлешов әйелі мен тоқалдарына 2 млн 282 мың теңгеден жалақы төлеп отырғаны анықталды.

Тағы да оқыңыздар: 

Әлия Назарбаева көпшілікке күйеуі мен балаларын көрсетті (фото)

Бердібек Сапарбаев кімнен ақыл сұрап, айлығын қайда жұмсайтынын айтып берді

Қолынан тәспісін тастамайтын Жансейіт Түймебаев жұрт назарына ілікті (фото)

Әсет Исекешев ай сайын миллион теңгеге жуық жалақы алатын болып шықты

Өзбекстан әнұранының авторы АҚШ-та комаға түсіп, қайтыс болды

Алдағы уақытта ОҚО тұрғындарының саны бес млн-нан асып кетуі мүмкін

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1308686-toqtar-toleshovtinh-uly-akesimen-birge.html