RU

Сот Тоқтар Төлешовтің ондаған үйі мен көлігін, жылқылары мен түйелерін тәркіге алды

"Сыра патшасы" Тоқтар Төлешовтің жылқылары, түйелері, көліктері мен үйлерін сот тәркіге алды. Бұл туралы ҚазТАГ агенттігіне сілтеме жасап NUR.KZ порталы хабарлайды.

«Сотталушы Тоқтар Төлешовтің келесі мүліктері тәркіге алынсын: 30 бас жылқы, олардың 11-і асыл тұқымды, 3 түйе, Түркістандағы жер учаскесі», - деді судья Ербол Ахметжанов.

Сот, сонымен қатар Mitsubishi, Bentley, Toyota Land Cruiser (екі көлік), Chevrolet (9), Mercedes, Porsche Cayenne, Toyota Camry (2), BMW, Volkswagen Passat, Toyota Land Cruiser Prado (2), Infiniti, Rolls-Royce, Lexus көліктері мен тұрақ орнын тәркіге алды.

Мемлекет қазынасына келесі дүниелер де өтетін болды: зергерлік бұйым әзірлейтін құрылғылар (22 нысан), карточкалар шотындағы қаражат, зергерлік әшекейлер (183 дана), ерлерге арналған $68 мың тұратын сағат, 855 еуро, 1370 рубль және өзге шетелдік валюта, «Дархан Group» ЖШС атынан тіркелген жер учаскелері бар 10 жеке үй және Шымкенттегі екі тұрғын үй.

Тоқтар Төлешовтің өзі 21 жылға сотталды. Сот жабық режимде өтуде. Іс бойынша 25 сотталушы жауапқа тартылып жатыр. Тоқтар Төлешовтің ұлы Төлеген Төлешов те сотта жауапқа тартылып, бес жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды.

Еске салсақ, Тоқтар Төлешовке мемлекеттік билікті күшпен тартып алмақ болған деп айып тағылып, қаңтардың аяғында қамауға алынған болатын. Оған Қылмыстық кодекстің бұдан басқа да 15 бабы бойынша айыптар тағыл­ған.

Арнайы операция барысында Төлешовтен бірнеше қап қару-жарақ тәркіленді.

Кейін Тоқтар Төлешов әйелі мен тоқалдарына 2 млн 282 мың теңгеден жалақы төлеп отырғаны анықталды.

Тағы да оқыңыздар: 

Әлия Назарбаева көпшілікке күйеуі мен балаларын көрсетті (фото)

Сенатор терроризмді ұйымдастырушыларға өлім жазасын енгізуді ұсынды

Бердібек Сапарбаев кімнен ақыл сұрап, айлығын қайда жұмсайтынын айтып берді

Қолынан тәспісін тастамайтын Жансейіт Түймебаев жұрт назарына ілікті (фото)

Әсет Исекешев ай сайын миллион теңгеге жуық жалақы алатын болып шықты

Өзбекстан әнұранының авторы АҚШ-та комаға түсіп, қайтыс болды

Алдағы уақытта ОҚО тұрғындарының саны бес млн-нан асып кетуі мүмкін

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1308914-sot-toqtar-toleshovtinh-ondaghan-uyi-men.html