RU

Тоқтар Төлешовтің жоғары шенді сыбайластары қанша жылға сотталды?

Арнайы мамандандырылған ауданаралық әскери соты Тоқтар Төлешовті 21 жылға соттады. Ал Төлешовтің сыбайластарын үштен жеті жылға дейін бас бостандығынан айырды деп хабарлайды NUR.KZ.

Ілияс Бақтыбаев, Бас прокурордың бұрынғы бірінші орынбасары әрі екінші деңгейлі мемлекеттік әділет кеңесшісі жеті жылға қатаң режимдегі колонияда мүлкі тәркілене отырып, бас бостандығынан айырылды.

Хибратулла Досқалиев, генерал-майор, ОҚО ішкі істер департаментінің бұрынғы басшысы бес жыл қатаң режимдегі колонияда мүлкі тәркілене отырып, бас бостандығынан айырылды.

Бақтыбаев пен Досқалиевке Төлешов Жоғарғы сот төрағасы әрі Ішкі істер министрі етемін деген уәде берген.

Сәкен Айтбеков, полиция полковнигі әрі ОҚО ішкі істер департаменті басшысының бұрынғы бірінші орынбасары бес жылға бас бостандығынан айырылды.

Ол қылмыстық топты құрып, басқарғаны және қызметтік бабын пайдаланып, қиянат жасағаны үшін кінәлі деп танылды.

Бекзат Жумин мен Қайрат Пернебаев, сәйкесінше 4 және үш жылға ортақ режимдегі колонияда бас бостандығынан айырылды. Оларға пара алды деген айып тағылған болатын. Екеуі де әскери шенінен айырылды. Олар Қорғаныс министрлігі "Юг" аймақтық қолбасшылығында 35748 және 55652 әскери бөлімдерінің командирлері болған.

Тоқтар Төлешовтің өзі 21 жылға сотталды. Сот жабық режимде өтуде. Іс бойынша 25 сотталушы жауапқа тартылып жатыр. Тоқтар Төлешовтің ұлы Төлеген Төлешов те сотта жауапқа тартылып, бес жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды. Сот Тоқтар Төлешовтің ондаған үйі мен көлігін, жылқылары мен түйелерін тәркіге алды.

Еске салсақ, Тоқтар Төлешовке мемлекеттік билікті күшпен тартып алмақ болған деп айып тағылып, қаңтардың аяғында қамауға алынған болатын. Оған Қылмыстық кодекстің бұдан басқа да 15 бабы бойынша айыптар тағыл­ған.

Арнайы операция барысында Төлешовтен бірнеше қап қару-жарақ тәркіленді.

Кейін Тоқтар Төлешов әйелі мен тоқалдарына 2 млн 282 мың теңгеден жалақы төлеп отырғаны анықталды.

Тағы да оқыңыздар: 

Әлия Назарбаева көпшілікке күйеуі мен балаларын көрсетті (фото)

Сенатор терроризмді ұйымдастырушыларға өлім жазасын енгізуді ұсынды

Бердібек Сапарбаев кімнен ақыл сұрап, айлығын қайда жұмсайтынын айтып берді

Қолынан тәспісін тастамайтын Жансейіт Түймебаев жұрт назарына ілікті (фото)

Әсет Исекешев ай сайын миллион теңгеге жуық жалақы алатын болып шықты

Өзбекстан әнұранының авторы АҚШ-та комаға түсіп, қайтыс болды

Алдағы уақытта ОҚО тұрғындарының саны бес млн-нан асып кетуі мүмкін

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1308927-toqtar-toleshovtinh-zhoghary-shendi-sybay.html