RU

Тоқтар Төлешовтің тоқалынан алтын бұйымдарын алып қойды

"Қазақстан аруы - 2005" атанған Дина Нұралиеваның есеп карточкасындағы қаражат тәркіге алынды. Бұл туралы NewTimes.kz агенттігіне сілтеме жасап NUR.KZ порталы хабарлайды.

«Әйелдерге арналған 183 дана алтын әшекейлер, алқалар мен жүзіктер тәркіге алынды», — дейді судья Ербол Ахметжанов.

Еске салсақ, бұған дейін БАҚ-та Тоқтардың барлық сүйікті әйелдері 2 млн 282 мың теңгеден жалақы алып отырғаны туралы ақпарат жария етілген болатын. Олар зауытта әртүрлі сұрақтар бойынша жауап беретін директордың орынбасары болғанға ұқсайды.

Төлешовтің тоқалдарының арасындағы ең танымалы - Дина Нұралиева. Ол "Қазақстан аруы - 2005" атағына ие болған. Бойжеткен бүгінде дизайнерлік қырынан да танылып жүр. Шымкенттік ару 2009 жылғы "Әлем аруы" байқауында топ-16 арудың тізіміне кірген. Бойы - 175 см, дене бітімі - 85-60-89.

Дина - "Шымкент аруы" байқауын ұйымдастыратын сән агенттігінің директоры деп жазады today.kz. Кәсіпкер күйеуге шыққан, кішкентай қызы бар деп көрсетілген сайтта.

Төлешов әр әйеліне шалқып өмір сүруі үшін бар жағдайды жасап отырған. Тіпті олардың әрқайсысына жекежайлар тұрғызып берген екен.

Тоқтар Төлешов 7 қараша күні 21 жылға сотталды. Сот жабық режимде өтуде. Іс бойынша 25 сотталушы жауапқа тартылып жатыр. Тоқтар Төлешовтің ұлы Төлеген Төлешов те сотта жауапқа тартылып, бес жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды. Сот Тоқтар Төлешовтің ондаған үйі мен көлігін, жылқылары мен түйелерін тәркіге алды.

Еске салсақ, Тоқтар Төлешовке мемлекеттік билікті күшпен тартып алмақ болған деп айып тағылып, қаңтардың аяғында қамауға алынған болатын. Оған Қылмыстық кодекстің бұдан басқа да 15 бабы бойынша айыптар тағыл­ған.

Арнайы операция барысында Төлешовтен бірнеше қап қару-жарақ тәркіленді.

Кейін Тоқтар Төлешов әйелі мен тоқалдарына 2 млн 282 мың теңгеден жалақы төлеп отырғаны анықталды.

Тағы да оқыңыздар: 

Әлия Назарбаева көпшілікке күйеуі мен балаларын көрсетті (фото)

Сенатор терроризмді ұйымдастырушыларға өлім жазасын енгізуді ұсынды

Бердібек Сапарбаев кімнен ақыл сұрап, айлығын қайда жұмсайтынын айтып берді

Қолынан тәспісін тастамайтын Жансейіт Түймебаев жұрт назарына ілікті (фото)

Әсет Исекешев ай сайын миллион теңгеге жуық жалақы алатын болып шықты

Өзбекстан әнұранының авторы АҚШ-та комаға түсіп, қайтыс болды

Алдағы уақытта ОҚО тұрғындарының саны бес млн-нан асып кетуі мүмкін

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1308978-toqtar-toleshovtinh-toqalynan-altyn-bu.html