RU

Семейде анасы Ертіске ағызып жіберді делінген сәбиді іздеу жұмыстары тоқтатылды

Семейде анасы Ертіске ағызып жіберді делінген бір жарым жасар қызды іздеу жұмыстары тоқтатылды деп хабарлайды КТК арнасы.

Өйткені сүңгуірлер заң бойынша суға батқан адамды 10 күн ғана іздеуге құқылы екен.

Құтқарушылар іздеу амалдары жүргізілген он күнде 50 шақырымды сүзіп шыққан. Бірақ баланың денесі табылмады. Оның үстіне өзенге тастадым деген анасы тергеу барысында қызды суға нақты қай жерінен жібергенін көрсете алмауы да іздеу жұмыстарын тиімді жүргізуге кедергі болыпты.

Бұл оқиға 24 қазанда болған еді. Отбасылық жанжалдан соң, 24 жастағы Айсұлу Мерембаева бір жарым жастағы қызы Айшаны үйінен алып шығып кетіп, өзенге тастап келдім деп хабарлаған.

Туыстары болса, өз баласын өлімге қиды дегенге сенбей, тығып ұстап отыр-ау деген болжам айтады. Қазір бұл іспен полиция айналысуда.

Тағы оқыңыздар:

Қыздың жүрегін жаулаудың жеті амалы

Кейуананың тойдағы ерекше биі көпшілікті күлкіге қарық қылды

Шетелдік дәрігелер Ақтауда зорланған 6 жасар қызға көмектесуден бас тартты

Алғашқы сүйісу қандай болуы керек?

Сенатор терроризмді ұйымдастырушыларға өлім жазасын енгізуді ұсынды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1309025-semeyde-anasy-ertiske-aghyzyp-zheberdi.html