RU

Боқаев пен Аянов ісіне қатысты сарапшылардан жауап алына бастады

№2 Атырау қалалық сотында Макс Боқаев пен Талғат Аяновтың ісі бойынша басты сот отырысы әлі жалғасып жатыр. Кезекті отырыста сарапшылардан жауап алына бастады дейді BAQ.kz.

Бүгін бірінші болып Алматы қаласы бойынша сот сараптамасы институтының Бас сарапшысы Нағима Әбішева куәлік етті.

Сарапшы іске қатысты зерттеу жүргізген психологиялық, филологиялық және саясаттану тобында психолог ретінде жұмыс жасаған. Маман сотталушылар жариялаған материалдар арасында адамдарды бұрыс әрекеттерге итермелейтін теріс бағыттағы ақпардың басым болғанын айтты.

Сарапшының мәліметінше, авторлардың, яғни Боқаев пен Аяновтың материалдары жер кодексінің нормалары, қытай ұлтының өкілдеріне қатысты теріс пікір қалыптастырып, митингтерге шығуға итермелейді. Ал Талғат Аянов пен оның адвокаты Төлепқали Аянов, мәліметтер арасында жағымды ақпараттың да болғанын атап өтті.

Боқаевтың қорғаушысы Боқаева болса, таңертеңнен кешке дейін сарапшыдан жағымды және жағымсыз материалдардың айырмашылығын сұраумен болды.

Айта кететіні, бүгін Боқаева туған күні болғандықтан судьядан отырысты ертерек аяқтауды өтінді. Бәлкім, сондықтан болар бүгін қорғаушы сарапшыға дұрыс сұрақ қойып жарытпады. Адвокат Ескендірова да сарапшыға психологиялық терминдер бойынша сұрақтарын жаудырды, терминдерді түсіндіруден шаршаған Әбішева «емтиханда тұрған жоқпын» деп жауап қатты. Жалпы алғанда қорғаушылар әдеттегідей сарапшыға бір сұрақты мың құбылтып, бірнеше қайтара қоюмен айналысты.

Еске сала кетсек, 2016 жылдың сәуір айында Аянов пен Боқаев жер заңнамасына қоғамның қызығушылығы артқан сәтін пайдаланып, «жер мәселесі» бойынша қарсылық акцияларын ұйымдастырған. Сотталушылар Аянов пен Боқаев тұрғындарды жер тақырыбына еліктіріп, халықтың патриоттық сезімін өз жеке басының мүддесіне пайдаланып, «Facebook» әлеуметтік желісіндегі жеке парақшаларында «ел басшылығы ауыл шаруашылығы жерлерін шетелдік азаматтар мен компаниялардың жекеменшігіне айналдыруды жоспарлауда» деген сипаттағы жалған ақпарат таратқан.

Сондай-ақ, Боқаев пен Аянов жер мәселесіне қатысты арнайы құрылған жер комиссиясының отырысына қатысудан бас тартып, Жер кодексіне енгізілген түзетулерді алып тастауға қарсылық білдіру үшін жұртты 21 мамырда қарсылық акциясына шығуға шақырған. Боқаев пен Аяновқа Қылмыстық кодекстің үш бабы бойынша айыптар тағылуда.

Тағы оқыңыздар:

Месси «Барселонаға» бес жүзінші голын сыйлады (видео)

Әлия Назарбаева көпшілікке күйеуі мен балаларын көрсетті (фото)

Қыздың жүрегін жаулаудың жеті амалы

Кейуананың тойдағы ерекше биі көпшілікті күлкіге қарық қылды

Шетелдік дәрігелер Ақтауда зорланған 6 жасар қызға көмектесуден бас тартты

Алғашқы сүйісу қандай болуы керек?

Сенатор терроризмді ұйымдастырушыларға өлім жазасын енгізуді ұсынды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1309166-boqaev-pen-ayanov-isine-qatysty-sarapsh.html