RU

Төлешовтің бес жылға сотталған ұлы залдан көңілді шықты (фото)

Тоқтар Төлешовтің ұлы Төлеген Төлешов сотта әкесімен бірге жазаға тартылып, бес жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды. Ол әкесіне тағайындалған сот үкіміне қатысты пікір білдірді деп хабарлайды NUR.KZ.

Төлеген Төлешов сот залынан екі сағат өткенде ғана шыға алды. Ол өзіне және әкесіне тағайындалған жазаға қатысты пікір білдіруге аса құлшынбады. Дегенмен оның сот залынан көңілді шыққаны бірден байқалып қалды.

"Бәрі дұрыс. Болған жайтты түзете алмайсың. Құпия сақтау туралы үкім бар. Осымен әңгімемізді доғаруға болады деп ойлаймын", - дейді Төлеген Төлешов журналистерге.

Өзінің үкіміне қатысты ол, "мұны да еңсерерміз" деп қысқа қайырды. Төлешов адвокатымен бірге сот үкіміне қарсы шағым түсірмек ниетте екенін айтып қалды.

"Бәрі дұрыс, бәрін шешеміз", - дейді адвокат.

Төлеген Төлешов "заңсыз есірткі заттарын пайдалану", "қару-жарақты заңсыз алу, сақтау, беру, тасымалдау", "соталды тергеу жүргізіп жатқан прокурордың ісіне кедергі келтіру мақсатында заңсыз араласу" баптары бойынша айыпталған болатын.

Еске салсақ, Тоқтар Төлешов 7 қараша күні 21 жылға сотталды. Сот жабық режимде өтуде. Іс бойынша 25 сотталушы жауапқа тартылып жатыр. Тоқтар Төлешовтің ұлы Төлеген Төлешов те сотта жауапқа тартылып, бес жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды. Сот Тоқтар Төлешовтің ондаған үйі мен көлігін, жылқылары мен түйелерін тәркіге алды.

Еске салсақ, Тоқтар Төлешовке мемлекеттік билікті күшпен тартып алмақ болған деп айып тағылып, қаңтардың аяғында қамауға алынған болатын. Оған Қылмыстық кодекстің бұдан басқа да 15 бабы бойынша айыптар тағыл­ған.

Арнайы операция барысында Төлешовтен бірнеше қап қару-жарақ тәркіленді.

Кейін Тоқтар Төлешов әйелі мен тоқалдарына 2 млн 282 мың теңгеден жалақы төлеп отырғаны анықталды.

Тағы оқыңыздар:

Месси «Барселонаға» бес жүзінші голын сыйлады (видео)

Әлия Назарбаева көпшілікке күйеуі мен балаларын көрсетті (фото)

Қыздың жүрегін жаулаудың жеті амалы

Кейуананың тойдағы ерекше биі көпшілікті күлкіге қарық қылды

Шетелдік дәрігелер Ақтауда зорланған 6 жасар қызға көмектесуден бас тартты

Алғашқы сүйісу қандай болуы керек?

Сенатор терроризмді ұйымдастырушыларға өлім жазасын енгізуді ұсынды

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1309175-toleshovtinh-uly-sot-ukimi-turaly-bolgha.html