RU

Мұғалім аяқ астынан студенттердің алдында шешініп тастады

Дағыстан мемлекеттік медицина академиясының гистология кафедрасы доценті Камиль Магомедов дәріс кезінде аяқ асты тыр жалаңаштанып, екінші курс студенттерін шошытты. Бұл туралы NUR.KZ порталы Lenta.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

7 қараша күні болған жайттың видеосы YouTube желісіне жүктелген. Роликте оқытушы үстіндегі киімді толықтай шешіп тастағанын байқауға болады.  Студенттер оның еш себепсіз шешіне бастағанын алға тартқан.

Бүгінде Камиль Магомедовті академия қызметкерлері сұраққа алу үшін іздестіруде деп жазады "Лайф". Дәрістен кейін ол оқу орнынан ізін суытқан.

"Камиль Магомедов оқу орнында үш жыл жұмыс істеп жатыр, белсенді оқытушы, студенттерге ұнайтын, ескертпе алған емес. Оған не болғаны белгісіз. Есінен адасқан шығар", - дейді академиядағы дереккөз.

Тағы оқыңыздар:

Әлия Назарбаева көпшілікке күйеуі мен балаларын көрсетті (фото)

Төлешовтің бес жылға сотталған ұлы залдан көңілді шықты (фото)

Боқаев пен Аянов ісіне қатысты сарапшылардан жауап алына бастады

Қызылорда облысында әкесі қызын қалың мал үшін шалға тұрмысқа бере салды

Түркия Сириямен шекарада ешкім өте алмайтын «қытай қорғанын» тұрғызып жатыр

Тоқтар Төлешовтің тоқалынан алтын бұйымдарын алып қойды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1309199-tura-daris-kezinde-tyr-zhalanhashtanghan.html