RU

Өскемендік оқушы өзінен әлдеқайда үлкен бойжеткенді зорламақ болған

Өскеменде кәмелетке толмаған ер бала подъезде бойжеткенге тап беріп, оны зорламақ болды. Бұл туралы NUR.KZ порталы YK-news.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Бойжеткен зорлаушыдан қашып құтыла алған. Ал полицейлер оқушыны ізін суытпай құрықтады.

Бұл жайт 14 қазан күні болған. Жас жігіт өзінен әлдеқайда ересек бойжеткенді зорламақ болған. Болжамдардың біріне сәйкес, ол қыздың басына ұялы телефонды тақап, қару кезенгендей кейіп танытқан.

Кейін оны жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүрлей бастаған. Алайда полицейлер бұл болжамды растамады.

"Кәмелетке толмаған жігіт құрықталды. Оның қандай да бір затпен бойжеткенге қоқан-лоққы көрсетті дегені шындыққа жанаспайды. Соталды тергеу жүргізілуде", - дейді ІІД өкілі.

Расталмаған мәліметке сәйкес, зардап шегуші әлеуетті мекеме қызметкерлерінің бірі.

Тағы оқыңыздар:

Әлия Назарбаева көпшілікке күйеуі мен балаларын көрсетті (фото)

Төлешовтің бес жылға сотталған ұлы залдан көңілді шықты (фото)

Боқаев пен Аянов ісіне қатысты сарапшылардан жауап алына бастады

Қызылорда облысында әкесі қызын қалың мал үшін шалға тұрмысқа бере салды

Түркия Сириямен шекарада ешкім өте алмайтын «қытай қорғанын» тұрғызып жатыр

Тоқтар Төлешовтің тоқалынан алтын бұйымдарын алып қойды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1309235-oskemende-oqushy-boyzhetkendi-podezd.html