RU

Луина жартылай жалаңаш суреттерінің сүйіктісіне ұнайтынын айтты

Отандық әнші Луина жартылай жалаңаш суреттерін желіге салуға неліктен құмар екенін айтып берді деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл туралы ол 31-арнаның "Айта берсін" бағдарламасында айтып берді.

Өзінің мінсіз мүсінін ел алдына көрсетуге құмар әншілердің бірі Луина бұл тақырыптың баяғыда жауыр болғанын айтты. Оның айтуынша, оған мұндай суреттерге түсіп, оны желіге салу ұнайды. Сондықтан, ол ешкімнің алдында ақталғысы келмейтінін және бұл үшін ұялмайтынын айтты.

"Мен бұл тақырыптан шаршадым. Мен суға шомылатын киіммен түскен суреттерімді желіге салудан қорықпаймын. Мен біреудің айтқанымен жүргім келмейді. Маған да, менің сүйіктіме де ұнайды. Жақындарыма да ұнайды. Мен ешқашан ұяң қыз болмағанмын. Шоу-бизнеске де дәл осы қалпымда келгем. Ешқашан қымтанып жүрген емеспін", - деді ол.

Тағы оқыңыздар:

Әлия Назарбаева көпшілікке күйеуі мен балаларын көрсетті (фото)

Төлешовтің бес жылға сотталған ұлы залдан көңілді шықты (фото)

Боқаев пен Аянов ісіне қатысты сарапшылардан жауап алына бастады

Қызылорда облысында әкесі қызын қалың мал үшін шалға тұрмысқа бере салды

Түркия Сириямен шекарада ешкім өте алмайтын «қытай қорғанын» тұрғызып жатыр

Тоқтар Төлешовтің тоқалынан алтын бұйымдарын алып қойды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1309393-luina-zhartylay-zhalanhash-suretterininh.html