RU

Футболшы қызыл карточка көрсеткен төрешіні ұрып өлтірді

Мексикада матч кезінде футболшы қызыл карточка көрсеткен төрешіні ұрып өлтірді деп хабарлайды Baq.kz.

Қайғылы оқиға Мексиканың Тулансинго қаласында әуесқой командалардың ойыны кезінде орын алған.

Goal.com сайтының жазуынша, ашуға булыққан аяқдоп шебері алаңнан қуылғаннан кейін төреші Виктор Трехоға жетіп барып, баспен бір ұрған. Жерге құлап түскен рефери тілге келмей көз жұмды. Оқиға орнына жеткен дәрігерлер оны өлімнен арашалап қала алмады.

Қарбалас сәтті пайдаланған футболшы алаңнан бой тасалап үлгерген. Қазір полиция қаскөйді іздеп жатыр.

Тағы оқыңыздар:

Әлия Назарбаева көпшілікке күйеуі мен балаларын көрсетті (фото)

Төлешовтің бес жылға сотталған ұлы залдан көңілді шықты (фото)

Боқаев пен Аянов ісіне қатысты сарапшылардан жауап алына бастады

Қызылорда облысында әкесі қызын қалың мал үшін шалға тұрмысқа бере салды

Түркия Сириямен шекарада ешкім өте алмайтын «қытай қорғанын» тұрғызып жатыр

Тоқтар Төлешовтің тоқалынан алтын бұйымдарын алып қойды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1309483-futbolshy-qyzyl-kartochka-korsetken.html