RU

Көзі тірісінде дүркіретіп жерлеуін өткізген келіншек жұртты өзіне қаратты (фото, видео)

44 жастағы Бразилия тұрғыны көзі тірісінде өзіне дүркіретіп жерлеу өткізді. Вера Лючия да Сильва дені сау болғанына қарамастан, 14 жыл бойы жерлеуін өткізуді армандап келген екен. Бұл туралы NUR.KZ порталы Metro сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Өлілер күніне орай өткізілген жерлеуін келіншек өміріндегі ең бақытты күн деп атады. Вера жолдасын өзінің жерлеуін өткізуге бес жыл бойы көндіре алмай келген.

Дегенмен күйеуі ақыры келісіп, іс-шараға әйелдің жақындары жиналды. 

Жерлеу үйінің қожайыны Пауло Араужо "тірі марқұмға" табыт пен орынды тегін берді. Жерлеу күні түсірілген видеода келіншектің табытта ара-арасында көзін ашып қойып, жұртты күлдіріп жатқаны байқалады.

Вера табытта таңғы тоғыздан бастап, келесі күннің кешкі алтысына дейін тапжылмай жатқан. Келіншек жерлеуіне ақ көйлек киіп, шашын жаяды, ал денесінің төменгі бөлігін гүлмен көмкерген. 

Әйел жерлеуінен ләззат алғанымен, өлуге асықпайтынын жасырмады.

Тағы оқыңыздар:

Әлия Назарбаева көпшілікке күйеуі мен балаларын көрсетті (фото)

Ішімдікке сылқия тойған шымкенттік ер адам полицейлерді тоқпақтап тастады

"Алматы Тауэрс" ғимаратындағы өрттен қаза тапқандар студент болып шықты

Ақжарқын Тұрлыбайдың ұстазы: Ол ақкөңіл, сенгіштігінің кесірінен арандап қалды

Қостанайда жүкті әйел жолдың нашарлығынан перзентханаға жете алмай босанып қалды

БҚО-да ауыл әкімнің ұлын сыныптасы аяусыз ұрып өлтірді

Араб әйелдері күйеулерін қызықтыру үшін қазақстандық іш киімдерді кие бастаған (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1309547-kozi-tirisinde-durkiretip-zherleuin-o.html