RU

Almaty Towers-те қаза тапқан студенттер сағатына 500 теңге үшін жұмыс істеген

Almaty Towers ғимаратында болған алапат өрттен қаза тапқан студенттер әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ студенттері болып шықты.

Бүгін оқу орнында өрттен көз жұмған студенттерді еске алды деп хабарлайды NUR.KZ.

ҚазҰУ баспасөз қызметінің хабарлауынша, марқұм болған екі студент физика-техникалық факультетінің үшінші курс студенттері. Нұрлыбек Сартаев "электроэнергетика", Еламан Айдарәлиев "ядролы физика" факультетінде білім алған.

Олар сабақтан тыс уақытында Almaty Towers-те қосымша жұмыс істеп, жатақханада тұрған екен. ҚазҰУ басшылығы қайтыс болған студенттер отбасына 340 мың теңгеден бөліп, марқұмдардың денесін өздері туып-өскен Оңтүстік Қазақстан облысына жөнелтуге көмектескен.

Baq.kz хабарлауынша, студенттер сағатына 500 теңге төлейтін ұсақ жұмыстарды істеген.

Ал Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ-дың екінші курс студенті Абылайхан Зұлпыбеков пен төртінші курс студенті Якубжон Тоқтамышев та Алматыда өрттен көз жұмды.

Тағы бір қаза болған студент - С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетінің 2-ші курс студенті Исламжон Исраилов.

Бүгінде марқұм студенттер оқыған университет басшылығы 6 қараша күні Almaty Towers ғимаратында болған өрттен қаза тапқандардың отбасына қайғырып көңіл айтты.

Тағы оқыңыздар:

Барак Обама АҚШ президенті ретінде қандай істерімен тарихта қалды?

Обама өзінің орнын кімге босатып береді?

Ұшақ ішіне кіріп кеткен жылан жолаушылардың зәресін ұшырды (видео)

​Ресейдің Қазақстанға сынақ орындары үшін қанша төлейтіні белгілі болды

ОҚО-да күркеде тұратын көпбалалы ана халықтан көмек сұрап отыр (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1309834-almaty-towers-te-qaza-tapqan-studentter-saghatyna-5.html