Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақшаны уыстап шашатын қазақстандық бай жігіттер қалай көңіл көтереді? (фото)

Опубликовано:

«Ақшаң болса қалтаңда...». Бұл  мәтелді іс жүзіне асыра, кең дүниені алшаңдап басып жүрген жастардың қатарында қазақ жігіттері де аз емес. NUR.KZ порталы осыдан біраз бұрын Instagram-дағы бай балалардың тізіміне енген алматылық Димаш Әділет туралы жазған болатын.

Бұл жолы сол қалталы қазақ жігіттері ақшаны қайда жұмсайды, қалай көңіл көтеретіні турасында сөз қозғалмақ.

Женева көшелерінде қазақстандық нөмірлі көліктерімен сайран салып жүрген Димаш Әділет кәсіпкерлікке қажет макро-, микроэкономиканы, психологияны оқумен қатар, жарнамаға түсіп тұрады.

Димаш Әділет бос уақыты мен артық ақшасын әлем елдерін шарлауға жұмсайды.

Димаш Әділеттің автокөлікке деген қызығушылығы оның қалтасына қаншалықты ауыр тиетіні белгісіз. Алайда ол өзіне ұнаған қымбат көлікті бағасына қарамай сатып алуға дайын.

Сондай-ақ ол көп ақшасын түнгі көңіл көтеру мекемелеріндегі отырыстарға шашады.

Бар болғаны 200 мыңға жетер-жетпес халқы бар Женева қаласы оған таршылық ететін көрінеді.

«Женевадан тез жалығып кетесің. Сондықтан көңіл көтерудің басқа жолдарын іздеуге мәжбүрмін. Осы демалыс күні мен Куршевельді (Франция) таңдадым. Тауы да тамаша, түнгі өмірі де керемет екен. Женевадан екі жарым сағаттық жер болса да, мұнда уақытты қызықты өткізуге болады», - дейді ол жеке парақшасында.

Ара-тұра Димаш өзінің парақшасына қыздармен құшақтасып тұрған суреттерін жариялап тұрады. Мына бір суретте ол түнін жақсы өткізгенін жазыпты. «Бұл түн жаман өткен жоқ», - дейді Димаш.

Димаш Әділет түнгі өмірін тек ұйқымен өткізгенді дұрыс көрмейді екен. «Адамдар өз өткен өмірін есіне алғанда «мен ұйқым қанған түнде ешқашан ұмытпаймын» деп айтпайды ғой. Ал менде есіме түсірер түндер көп шығар», - дейді ол.

Иә, расында да Димаш пен оның жанындағы достарының ұмытылмас күндері мен түндерінің көп екеніне шүбә жоқ.

Оның досы астаналық Асқар Аюпов та Димаш Әділетпен бірге Европадағы көңілді кештерге барып тұрады.

Бір қызығы, Асқар өзін Астананың элиталық жастарының бірімін деп есептемейді.

«Астанада жастар қыдыратын жақсы жер де жоқ. Сосын мен көшеге сирек шығамын», - депті Асқар Аюпов ask.fm-дегі аккаунтында.

Асқар Аюповтың әлеуметтік желі парақшасынан байқанымыздай, ол саяхаттағанды ұнатады. Астаналық жігіт өзі оқыған Швейцариядан басқа, Франция, Испания, Италия, Біріккен араб әмірліктері және Монакода болған.

Бұл осыдан біраз жыл бұрын желіде пайда болған қазақстандық бай-бағландардың балаларының көңіл көтеру сәтінен көріністер.

Тағы оқыңыздар:

«Алматы Тауэрстегі» өртте тірідей жанып кеткен студенттердің ата-аналары бар шындықты жайып салды (фото)

Павлодар облысында сәбиге қойылған Бату-Хан есімі үлкен дау тудырды

"Әлем аруы-2016" байқауында Қырғызстан мен Қазақстанның туын шатастырып алды (фото)

Сот үкіміне көңілі толмаған Тоқтар Төлешов қайта шағым түсірмек

Шымкентте жыл басынан бері бес оқушы қыз жүкті болып, босанып алған

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1309918-aqshany-uystap-shashatyn-qazaqstandyq-b/

pixel