RU

Сағынтаев Қуандық Бишімбаевқа: Ойланбай, әрекет ету керек

Қазақстан премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев үкімет отырысы барысында Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевқа ескерту жасады деп хабарлайды Primeminister.kz.

Отырыс барысында Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев баяндама оқыды және бәсекелестікті дамыту мақсатында салалық заңдарға «ревизия» жүргізуді ұсынған болатын.

«Жалпы министр өз баяндамасында жан-жақты қамтыды, бірақ маған оның «бәлкім, пісіп жетілген шығар» (қажеттілігі. - АА) деген сөзі ұнамады – пісіп жетілді ме, жоқ па, ойланбай, әрекет ету керек. Мемлекет басшысы үкіметке еркін дұрыс бәсекелестікке жағдай жасауды және монополияға қарсы органның қызметтерін күшейтуді тапсырды, бұл орындалды, сіздерге барлық өкілеттік берілді, сіз бүгін ЭЫДҰ стандарттары бойынша жұмыс жасап жатқандарыңызды баяндадыңыз, ендеше әрекет етіңіздер. Анық нәрсені айтып тұрсыз, көмірге қатысты мәселе бар дейсіз, мұны бүгін ғана білдіңіз бе? Әлде электр энергиясы бойынша жағдай осындай екенін бүгін ғана білдіңіз бе? Бұл баршаға мәлім, шаралар қолдану қажет», - деді Сағынтаев.

Тағы оқыңыздар:

"Ақтөбе" футбол клубының директоры тұтқындалды

Almaty Towers-те қаза тапқан студенттер сағатына 500 теңге үшін жұмыс істеген

29 жастағы жігіттің 46 жастағы көңілдесін Ләйлә Сұлтанқызы эфирден қуып шықты

ОҚО-да студент қызды зорлықпен өлтірген таксишінің анасы есінен танып қалды (видео)

Әйгілі америкалық бренд алғаш рет жарнамасына хиджабтағы қызды түсірді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1309958-saghyntaev-quandyq-bishimbaevqa-oylan.html