RU

Қазгидромет: Бүгін Астанада боран соғады

Қазгидромет 9 қарашада Астанада боран болатынын болжады деп хабарлайды Астана әкімдігің сайты.

Қазгидрометтің хабарлауынша, солтүстік-батыстан үлкен жылдамдықпен циклон жақындап келеді.  9-шы қараша күні таңғы сағат 6-да ол Қостанай облысына, ал 18:00-де СҚО-ға жетеді. Осыған байланысты жел күшейіп, бұрқасын тұрады, көктайғақ болады.

Ақмола облысының аумағында 15-20 м/с жылдамдықпен жел тұрады, оның екпіні 23-25 м/с жетеді. Кей жерлерде желдің жылдамдығы 30 м/с дейін күшейеді.

Астанада оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, кей жерлерде екпіні 25 м/с жетеді. Көктайғақ, сырма боран соғып, оқтын-оқтын қар жауады. Ауа температурасы түнде минус 5, кей жерлерде 10ºС нөлден төмен, күндіз -2 градустан +3 градус аралығында болады. Кешке қарай ауа райы жылынады.

Қазіргі кезде қаланың коммуналдық қызметтері штаттық режимде жұмыс істеуде. Қар қатты жауып, бұрқасын соққанда олар күшейтілген режимге ауысады. Жолдар мен жаяу жүргіншілердің жолдарына көктайғаққа қарсы заттар себіледі.

Тағы оқыңыздар:

"Ақтөбе" футбол клубының директоры тұтқындалды

Almaty Towers-те қаза тапқан студенттер сағатына 500 теңге үшін жұмыс істеген

29 жастағы жігіттің 46 жастағы көңілдесін Ләйлә Сұлтанқызы эфирден қуып шықты

ОҚО-да студент қызды зорлықпен өлтірген таксишінің анасы есінен танып қалды (видео)

Әйгілі америкалық бренд алғаш рет жарнамасына хиджабтағы қызды түсірді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1310130-qazgidromet-astanada-ertenh-boran-sogh.html