RU

Сот үкіміне көңілі толмаған Тоқтар Төлешов қайта шағым түсірмек

Мемлекеттік төңкеріс жасауға әрекеттенгені үшін 21 жылға сотталған Тоқтар Төлешов сот үкіміне шағым түсіруді көздеп отыр, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға Тоқтар Төлешовтің адвокаты Мархаба Жақыпова.

"Шағым түсіреміз, өйткені оған күштеп құлатуға әрекеттенуден басқа ол қатыспаған адам өлтіру, қарақшылық секілді жалпы айыптар тағылған. Олардың барлығы бойынша шағым түсіреміз, бәлкім ол жаза мерзіміне әсер етуі мүмкін", — деді Жақыпова Sputnik-ке телефон арқылы.

"Ол (Тоқтар Төлешов — ред) баспасөз мәслихатын жинап, жетекші мамандар мен қоғам қайраткерлеріне төлеуге ақша жетуі үшін Аянов пен Боқаевқа қаржылай көмектескенін мойындады. Ол үшін ақша берген, бүлік шығару мен құлатуға әрекеттену үшін емес", — деп қосты адвокат.

Айта кетейік, 7 қараша күні Шымкент сыра зауытының иесі Тоқтар Төлешов 21 жылға бас бостандғынан айырылды. Сот отырысы Астана қаласындағы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотта өтті. Деректерде мемлекеттік құпияға қатысты мәліметтер бар болғандықтан, іс жабық режимде қаралды.

Тоқтар Төлешовтің ұлы Төлеген Төлешов те сотта жауапқа тартылып, бес жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды.

Еске салсақ, Тоқтар Төлешовке мемлекеттік билікті күшпен тартып алмақ болған деп айып тағылып, қаңтардың аяғында қамауға алынған болатын. Оған Қылмыстық кодекстің 15 бабы бойынша айыптар тағыл­ған.

Тағы оқыңыздар:

Сағынтаев Қуандық Бишімбаевқа: Ойланбай, әрекет ету керек

"Ақтөбе" футбол клубының директоры тұтқындалды

Almaty Towers-те қаза тапқан студенттер сағатына 500 теңге үшін жұмыс істеген

29 жастағы жігіттің 46 жастағы көңілдесін Ләйлә Сұлтанқызы эфирден қуып шықты

ОҚО-да студент қызды зорлықпен өлтірген таксишінің анасы есінен танып қалды (видео)

Әйгілі америкалық бренд алғаш рет жарнамасына хиджабтағы қызды түсірді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1310168-sot-ukimine-konhili-tolmaghan-toqtar.html