RU

Ресей Түркиямен әскери ынтымақтастығын бұрын-соңды болмаған дәрежеге жеткізбек

Ресей ресми өкілі Түркиямен әскери ынтымақтастықты қайта жаңғыртып, жыл соңына дейін үкіметаралық комиссияның кездесуін өткізуді жоспарлайды деп мәлімдеді.

Бұл туралы Орталық Азияның  жаңалықтар қызметі хабарлайды.

Ресейдің әскери-техникалық ынтымақтастық жөніндегі федералды қызметінің басшысы Александр Фомин комиссияда НАТО-ға қатысушы Түркияға Ресейде жасалынған әуе шабуылынан қорғайтын жүйені жіберу мәселесі қаралуы мүмкін деді.

1 қарашада Түркия бас штабының басшысы Хулуси Акара Мәскеуге барған. Түркия ресми өкілінің мәлімдеуінше, Хулуси Акар мен оның ресейлік әріптесі Валерий Герасимов Сириядағы «Ислам мемлекеті» экстремистік тобына қарсы күресуде әскери ынтымақтастық мәселелерін талқылады деп мәлімдеді.

Анкара мен Мәскеу арасындағы қарым-қатынас 2015 жылдың қазан айында түрік-сирия шекарасында ресейлік әскери ұшақты түрік тарабы атып түсіргеннен кейін, күрт нашарлады.

Бірақ түрік әскери күші Түркия үкіметін биліктен тайдырмақ болған әрекетінен кейін, екі елдің қарым- қатынасы қайта жақсарды.

Тағы оқыңыздар:

Сағынтаев Қуандық Бишімбаевқа: Ойланбай, әрекет ету керек

"Ақтөбе" футбол клубының директоры тұтқындалды

Almaty Towers-те қаза тапқан студенттер сағатына 500 теңге үшін жұмыс істеген

29 жастағы жігіттің 46 жастағы көңілдесін Ләйлә Сұлтанқызы эфирден қуып шықты

ОҚО-да студент қызды зорлықпен өлтірген таксишінің анасы есінен танып қалды (видео)

Әйгілі америкалық бренд алғаш рет жарнамасына хиджабтағы қызды түсірді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1310218-resey-turkiyamen-askeri-yntymaqtasty.html