RU

Қазақстаннан ешқайда аттап баспаған тұрғын Африкада туғанын естіп, есінен танып қала жаздаған

Тумысынан Көкшетаудың тұрғыны Леонид Воронин түсініксіз себеппен өзінің Ресей азаматы екенін біліп, жағасын ұстаған деп хабарлайды 31 арна.

Ал әйелі бұрын бармақ түгілі, мүлдем естімеген Мозамбик елінің тұрғыны болып шыққан. Бір қызығы, мұндай жалған мәліметтің ел базасында қайдан келгені белгісіз.

Қазақ елінде туып, Қазақстан азаматтығын алған Леонид былтыр сатып алмақ болған көлігін нотариус арқылы рәсімдеуге барғанында 2005 жылдан бері Ресей азаматы екенін білген. Он жыл бойы өзге елдің азаматтығымен жүргенін білген тұрғын бұл жаңалықтан соң төбеме жай түскендей болды дейді.

"Халыққа қызмет көрсету орына барып білгенімде мен 10 жылдай уақыт елде заңсыз тұрып келген екенмін. Түсініксіз жағдай. Мен өмір бойы Қазақстан аумағынан шыққан емеспін. Төлқұжатым да болған жоқ. Жеке куәлікпен жүрдім. Ал жеке куәлікті азаматтық ауыстырған уақытта, үш ай мерзімінде тапсыру керек. Демек, мен жалған куәлікпен заңды аяққа таптаған қылмыскер болғаным ба?", - дейді Көкшетау қаласының тұрғыны Леонид Воронин.

2005 жылы Леонид жаңа жеке куәлік алу үшін халыққа қызмет көрсету орнына өтініш берген екен. Былықтың басы осы жерден басталған іспетті дейді, ол. Күйеуінің Ресей азаматы екенін білгеннен соң, жұбайы Юлия да базадан жеке басына қатысты мәліметті тексертеді. Ондағы деректі көргенде әйелінің таңданысында шек болмапты. Оның азаматтығы қазақстандық болғанымен, туған жері Афрака құрлығындағы Мозамбик болып шыққан.

"Әйелім есінен танып қала жаздады. Бұл оқиғаны айтсам барлығы күледі. Ал бізге бұл үлкен мәселеге айналды", - Көкшетау қаласының тұрғыны Леонид Воронин.

"Азаматтың жеке басына байланысты мәліметтердің ішінде тұрғылықты мекен жай бойынша анықтаманы біз береміз. Ал азаматтық жөніндегі мәселеге көші-қон полициясы жауапты", - дейді Көкшетау қаласы халыққа қызмет көрсету орталығының бөлім басшысы Нұрбек Әлібекұлы.

Көші-қон полициясының қызметкерлері Қазақстан азаматы болғанмен, туған жері Мозамбик деп көрсетілген Юлияға қатысты мәліметте тез арада жөндеп берген. Ал күйеуі Леонид бір жыл уақыт жұмсап, елшілік арқылы әрең дегенде азаматтығын дұрыстатқан. Бұл жағдайға байланысты көші-қон полициясы түсінік беруден бас тартты. Ал ерлі-зайыптылар болса, енді жеке бастарына қатысты мәліметтерді жыл сайын тексеріп тұрамыз дейді.

Тағы оқыңыздар:

«Алматы Тауэрстегі» өртте тірідей жанып кеткен студенттердің ата-аналары бар шындықты жайып салды (фото)

Павлодар облысында сәбиге қойылған Бату-Хан есімі үлкен дау тудырды

"Әлем аруы-2016" байқауында Қырғызстан мен Қазақстанның туын шатастырып алды (фото)

Сот үкіміне көңілі толмаған Тоқтар Төлешов қайта шағым түсірмек

Шымкентте жыл басынан бері бес оқушы қыз жүкті болып, босанып алған

Алдағы уақытта әуе билеттерінің құны қымбаттауы мүмкін

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1310409-qazaqstannan-eshqayda-attap-baspaghan.html