RU

Әлемде етті ең көп жейтін елдер тізімінде Қазақстан АҚШ-тан қалып қойды

Ағылшынның Telegraph газеті «1 қараша Дүниежүзі вегетариан күніне» орай әлемде қай елдер етті көп жейтінін жазды, деп хабарлайды «Қамшы» порталы.

The State of Food and Agriculture атты еңбекке сүйеніп, Британ басылымы жазған ақпаратына сай елдердің жылдық жан басына ет тұтыну көрсеткіші бойынша, етті ең аз тұтынатын ел Бангладеш – 4 келі. Индия 4.4 келі.

Сондай-ақ оңтүстік Азияда орналасқан бірнеше ел де етті аз тұтынатын елдер арасында. Ал, етті ең көп тұтынатын ел АҚШ, бұл елде ет жан басына 120.2 келі тұтынылады екен. Одан соң Кувейт 119.2 келі. Австралия: 111.5 келі.

Біздің көршілес елдеріміз болса Тәжікстан 14,7 келі Өзбекстан 28.4 келі, Әзірбайжан 32 келі,  Қырғызстан 36 келі ет тұтынады екен.

Ал, қазақстандықтар жыл сайын 56.0 келі ет тұтынып, ет жегіш елдердің ортасында ғана тұр.

Тағы оқыңыздар:

«Алматы Тауэрстегі» өртте тірідей жанып кеткен студенттердің ата-аналары бар шындықты жайып салды (фото)

Павлодар облысында сәбиге қойылған Бату-Хан есімі үлкен дау тудырды

"Әлем аруы-2016" байқауында Қырғызстан мен Қазақстанның туын шатастырып алды (фото)

Сот үкіміне көңілі толмаған Тоқтар Төлешов қайта шағым түсірмек

Шымкентте жыл басынан бері бес оқушы қыз жүкті болып, босанып алған

Алдағы уақытта әуе билеттерінің құны қымбаттауы мүмкін

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1310472-alemde-etti-enh-kop-zheytin-elder-tizimi.html