RU

Исламға қарсылығымен әлемге танылған Трамп сайлауда алда келе жатыр

АҚШ-тан жеткен ақпаратқа сәйкес, Республикалық партия өкілі Дональд Трамп экзит-пол нәтижесі бойынша АҚШ президентін сайлауда алға суырылып шықты деп хабарлайды 24.kz.

Сайлау нәтижелерін тікелей қадағалап отырған Politico сайтының хабарлауынша, сайлаудың екінші кезеңінде Трамп АҚШ президенті кім болатынын шешетін сайлау алқасынан 244 адамның дауысын жинаса, Хиллари Клинтон 215 адамның дауысын иеленді.

Трамп сайлаушылар алқасында мүшесі көп, маңызды саналатын Огайо, Флорида және Солтүстік Каролина штаттарында жеңіске жетіп, алға шығып кетті деп хабарлайды Азаттық.

Трамп Монтана, Вайоминг, Техас және Миссури штаттарында, Клинтон Нью-Йорк пен Калифорния штаттары мен елдің солтүстік-шығыс штаттарының көпшілігінде жеңді.

Сайлау қорытындысы енді Мичиган, Висконсин, Нью-Гэмпшир штаттарындағы дауыстарға байланысты болмақ. Әзірге бұл штаттарда Трамп алда тұр.

Сарапшылар Клинтон сайлау алдындағы сауалнаманың көпшілігінде алда тұрғанын, бірақ Трамп бірнеше штатта болжанғаннан көп дауыс алып жатқанын айтады.

АҚШ-тағы бұл жалпыхалықтық сайлауда елдің президенті мен вице-президенті, 100 сенатордың 34-і, 12 штат пен екі аумақтың (Пуэрто-Рико мен Америкалық Самоа) губернаторлары, 15 ірі қаланың мэрлері сайланады.

Осыған дейін Дональд Трамп - Оклахома, Индиана, Кентукки, Теннеси, Алабама, Оңтүстік Каролина, Батыс Вирджиния штаттарында, ал Хиллари Клинтон - Вермонт, Мэриленд, Дэлавер, Массачусетс, Нью-Джерси, Род-Айленд штаттарында және Колумбия округінде озып шыққаны хабарланған.

Америкалықтар әр штаттың халқының санына байланысты құрылған сайлаушылар алқасы арқылы дауыс береді.Үміткер президент болу үшін сайлаушылар алқасындағы 538 дауыстың кемінде 270-ін алуы керек.

Тағы оқыңыздар:

Ақшаны уыстап шашатын қазақстандық бай жігіттер қалай көңіл көтереді? (фото)

Исламға қарсылығымен әлемге танылған Трамп сайлауда алда келе жатыр

Ақтөбедегі алпауыт мұнай компаниясының 8 қытайлық басшысы елден қуылды

Қазақстаннан ешқайда аттап баспаған тұрғын Африкада туғанын естіп, есінен танып қала жаздаған

Нұржан Керменбаев ұлының тұсауын Сәкен Майғазиевке кестірді (фото, видео)

Ресейде он жылдан бері ит пен мысықтың етін жейтін әйел жұртты шошытты

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1310483-aqsh-saylauynda-azirshe-tramp-alda-kele.html