RU

Пугачева мен Галкинді хиджаб киген әйел қорқытты

Алла Пугачева мен Максим Галкиннің үйінің маңайынан хиджаб киген әйел ұсталды деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Бұл туралы Newszone жазады. Ерлі-зайыптылар тұрып жатқан үйдің күзетшілері полицияға дәл уақытында хабарласпағанда жұлдызды отбасына қауіп төнуі мүмкін еді. Қазір тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Алла Пугачева мен Максим Галкин аталған үйге 2011 жылдың жазында көшіп келген. Галкин бұл сарайды Мәскеуден 30 шақырым жердегі Грязь елдімекенінде тұрғызды. Таяуда осы үйдің күзетшілерінің назарына сол маңайда жүрген қара хиджаб киген, қолында үлкен сөмкесі бар бөтен әйел ілікті.

Оқиға орынына келіп жеткен тәртіп сақшылары үйдің аумағын қоршап, жолды жапты. Полицияның хабарлауынша, Мадина есімді  хиджабтағы әйел Ингушетия республикасының Назрани қаласынан пойызбен шығып, бірден Грязь ауылына жол тартқан. Алайда ол мұнда не мақсатпен келгенін айта алмаған. Шоумен де бұл ақпаратты растап отыр.

Тағы оқыңыздар:

Ақшаны уыстап шашатын қазақстандық бай жігіттер қалай көңіл көтереді? (фото)

Исламға қарсылығымен әлемге танылған Трамп сайлауда алда келе жатыр

Ақтөбедегі алпауыт мұнай компаниясының 8 қытайлық басшысы елден қуылды

Қазақстаннан ешқайда аттап баспаған тұрғын Африкада туғанын естіп, есінен танып қала жаздаған

Нұржан Керменбаев ұлының тұсауын Сәкен Майғазиевке кестірді (фото, видео)

Ресейде он жылдан бері ит пен мысықтың етін жейтін әйел жұртты шошытты

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1310640-pugacheva-men-galkinninh-uyinen-khidzhab.html