RU

Қазылар моңғолиялық қазақтың күш-жігеріне тәнті болды

26 қазан күні Ақтөбе қаласындағы«Қоныс» спорт сарайында гір көтеруден әлем чемпионаты өткен болатын. Дүбірлі додаға әлемнің 31 елінен 400-ден аса спортшы қатысқан, деп хабарлайды BAQ.kz.

Осы додада Моңғолияның атынан сынға түскен Сұлтан Амантай есімді қазақ Әлем чемпионатында 4-ші орынға ие болды. Сұлтан Амантай Өскемен қаласындағы Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың «Денешынықтыру және спорт» факультетін 2012 жылы бітірген.

«Бұл алғашқы қатысқан Әлем чемпионатым. 2010 жылы АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында өткен әлем чемпионатына қатысуға жолдама алып тұрып, визам бітпей, бара алмай қалған едім. Осы жолы да Қазақстан атынан қатысуым керек еді, Моңғолия азаматы болуыма байланысты сол елдің атынан қатыстым», - дейді Сұлтан Амантай.

Осы жолғы көрсеткіші бойынша ол Халықаралық дәрежедегі спорт шебері атанған Сұлтан Амантай Моңғолия тарихында гір спортынан алғашқы жоғары дәрежедегі жетістікке жеткен жалғыз азамат.

«Бұған дейін Моңғолияның спорт тарихында гір спортынан мұндай жетістік болған жоқ. Осы спорт түрінің негізін қалаушы да, осы спорт түрін халықаралық деңгейге көтеріп, нәтижеге жеткен де алғашқы спортшы мен екенмін. Бұл Атажұрттан алыстағы азғана қазақ үшін үлкен мәртебе», - дейді спортшы.

Тағы оқыңыздар:

Ақшаны уыстап шашатын қазақстандық бай жігіттер қалай көңіл көтереді? (фото)

Назарбаев Есімовке өзін қалай ұстау керектігін ыммен білдірді (видео)

Алматыда автобус күтіп тұрған әйелді жүк көлігі екі рет басып кетті (фото)

Бекболат Тілеухан ұшақ салондарында қазақ әуенінің ойнап тұруын талап етті

Шымкенттің бас мұғалімі жұмысқа ақша беріп қана тұруға болатынын мойындады

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1310766-qazylar-monhgholiyalyq-qazaqtynh-kush-zhig.html