RU

Алматы облысында автобус жүргізушісі 9 жасар оқушыны шыбықпен аямай ұрған (фото)

Оқушы қызды оңдырмай соққан автобус жүргізушісіне ешкімнің тісі батпай отыр. Таяқ жеген 9 жасар қыздың ата-анасы жүргізушіні мектеп басшылығы түгіл, құқық қорғау органдары жауапқа тартпағанына наразы деп хабарлайды Алматы телеарнасы.

Алматы облысы Іле ауданына қарасты Қосөзен ауылындағы нөмірі 14 мектепте балаларды үйге таситын автобус жүргізушісі, неге екені белгісіз, Ксения Чиркованы ағаштың шыбығымен аямай ұрып жіберген.

27-інші қазанда түсірілген мына фотосуреттен Чиркова Ксенияның бетіндегі ісік пен терінің көгергені анық байқалады. Бұл №14 мектептегі автобус жүргізушісінің 9 жасар қызды ұрып жібергенінен кейінгі суреті. Туған баласының осындай халде үйге оралғанын көрген анасы, оны бірден аудандық ауруханаға жеткізеді. Сол күні дәрігерлер Ксенияның бетінің жарақаттанып, терісінің жырылғандығын растайтын анықтама жазып берген.

"Әдеттегідей мектептен үйге келді қызым жылап, беті ісіп кеткен. Не болды десем, мектептегі автобус жүргізішісі мені бетімнен шыбықпен ұрып жіберді,- дейді. Неге ұрғанын өзім де білмеймін. Күйеуім үйге келгеннен кейін учаскелік инспекторге хабарластық. Қазір бос емеспіз, кейін хабарласыңыздар,- деп қоя салды. Біраз уақыт өткен соң қызымның басы ауыра бастады. Ана ретінде мен де балам үшін уайымдаймын. Бүгін ол менің баламды ұрды, ертең тағы біреуді ұрады",- деді Ксения Чиркованың анасы, Любовь Гильманова.

Зардап шеккен қыздың әжесі мектептегі автобус жүргізушісінің бұған дейін де дөрекі әрекеттер жасағанын айтты. Ата-аналар өз наразылықтарын да білдірген. Десе де, көлік жүргізушісі әлі күнге дейін балаларды мектепке тасып жүр.

Көлік жүргізушісінің мектеп оқушысын неліктен ұрғаны әзірге беймәлім. Мектеп ұстаздарының сөзіне қарағанда, жүргізушінің өзі сол сәтте ашу-ызаға беріліп кеттім деген екен.

Тағы оқыңыздар:

Ақшаны уыстап шашатын қазақстандық бай жігіттер қалай көңіл көтереді? (фото)

Назарбаев Есімовке өзін қалай ұстау керектігін ыммен білдірді (видео)

Алматыда автобус күтіп тұрған әйелді жүк көлігі екі рет басып кетті (фото)

Бекболат Тілеухан ұшақ салондарында қазақ әуенінің ойнап тұруын талап етті

Шымкенттің бас мұғалімі жұмысқа ақша беріп қана тұруға болатынын мойындады

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1310936-almaty-oblysynda-avtobus-zhurgizushis.html